Денемде ақтаңдақтар (витилиго) күннен-күнге көбейіп барады. Бұдан құтылудың жолдары бар ма?
Базарбай, Қарағанды қаласы
Мамандардың айтуына қарағанда, ақтаңдақ (витилиго) ауруының нақты емі жоқ көрінеді. Бұл тері ауруы емес. Бұл организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуынан туындайды екен. Бұдан құтылу үшін дұрыс тамақтанудың да пайдасы мол. Құрамында В, А, С, Е дәрумендері және мыс, мырыш, марганец микроэлементтері бар жеміс-жидектерді және құрамында мыс микроэлементтері бар; балық, теңіз тағамдары, саңырауқұлақ, ананас, банан, таңқурай, жапырақты жемістерді;
– құрамында тирозин бар; лобия (фасоль), асқабақ дәнін;
–құрамында темір, мыс, мырыш микроэлементтері бар; гречка, желкен (петрушка), балдыркөктің (сельдерей) тамырын, әнжір, алмұрт, қожақат (ежевика), жаңғақ, қауын;
– жеміс-жидектер; қызылша, сәбіз, қияр, асқабақ, кабачки, түсті орамжапырақ, теңіз орамжапырағы тәрізді тағамдарды пайдаланған жөн.
Жеуге болмайтын немесе аз пайдалану керек тағамдар: – сиыр еті; нан-тоқаш өнімдері, ұн өнімдері; майлы, ащы, тұзды, қышқыл тағамдар; қуырылған, ысталған тағамдар; кофе, какао, кисель, спирттік ішімдіктер, ащы шай; сары май, маргарин, шоколад, иісмай өнімдері.
Қарағандыдағы қалалық алғашқы медико-санитарлық көмек орталығында АҚШ-тың эксимерлі, ультрафиолетті, жоғарыэнергетикалы ХеСІ – лазерлі «ХТRАС» аппаратының көмегімен емдеу жүргізілуде. Ем қабылдаушылардың көпшілігіне оң нәтиже берген. Сонымен қатар кей жерлерде PHILIPS PL-S 9W/01/2P 1CT лампалы аспап көмегімен емдеу әдісі қолданылуда және нәтиже дұрыс көрінеді. Дәрігерлер Vitilem+и ряски (Lemnaminor) таблеткасын пайдалануды ұсынады.
Ақтаңдақтан қалай құтылуға болады?
Последние статьи автора