Біз көп нәрсенің құнын ақшамен өлшейміз. Ал ақшаның құндылығын немен өлшейді? Естуімше, барлық ақшаның бағасын алтынмен есептейді екен. Бұл қалай?
Бауыржан Сәкенұлы, Алматы қаласы
Алтынды адамзат баласы ықылым заманнан бері өте қымбатқа бағалайды. Бұған себеп — ең алдымен, оның түр-түсі, екіншіден, қолданыстағы икемділігі, үшіншіден, алтынның өте сирек кездесетіндігі. Дүниежүзінде жыл сайын өндірілетін алтынның 10 пайызын зергерлер іске жаратады екен. Алтын токты жақсы өткізетіндіктен кейбір электр өткізгіштерде оның рөлі өте зор. Біз ақша деп есептейтін металл монеталар мен купюралар — негізінде тек символдар ғана. Өркениетті әлемде мемлекет қорындағы ақша алтынмен немесе күміспен есептеледі. Өйткені бұл металдар өз құндылықтарын сақтап тұрады. Алтын 1914 жылы әлемдегі барлық елдің ресми валютасы ретінде қабылданған. 1933 жылдары кейбір елдер алтын стандартынан алшақтады. Бірақ АҚШ-тың доллары және көптеген елдердің валюталары әлі күнге алтынның бекітілген бағасымен бағаланады. Үкімет алтынды сатады, сатып алады. Алтынның белгілі бөлігі мемлекет қарыздарын өтеуге жұмсалады, ал қалғаны мемлекет қорында сақталады. Қазіргі кезде дүниежүзінде жылда өндірілетін алтынның жартысынан астамы Оңтүстік Африканың еншісінде екен. Ұлттық банктің соңғы есебі бойынша, Қазақстанның алтын-валюталық активінде 2,3 млн унция алтын қоры бар көрінеді.
Ақшаның құнын алтынмен есептейді
Последние статьи автора