Ақша – тиыннан, жылқы – құлыннан...

Кішкене кезімде үйдегілердiң майда тиындарды үлкен шөлмектерге салып, жинап жүретінін көретінбіз. Ал қазір дүкендерде тиын салғыштардың түр-түрі бар. Осы тиын салғышқа тиын жинау дәстүрі алғаш қай елдерде пайда болған?
Гаухар ӨТЕПБЕРГЕНОВА,
Қызылорда қаласы
Ең алғаш тиын салғыштар ежелгі Қы­тай­да пайда болған. Олардың түр-сипаты алғашында жәшік тәріздес еді. Кейіннен тиын салғыштар түрлі-түрлі пі­шінде жа­салып, жер-жерге тарады. Ал Германия­­да доңыз формалы тиын салғыш бай­лық-береке әкеледі деп ырымдаған. Не­­міс тіліндегі «доңыз – бақыт» деген тір­кес өте жағымды мағынада айтылады екен. Ал Ұлыбританияның кейбір банк­те­рі доңыз формалы тиын салғышты жар­­на­­малық мақсатта пайдаланудан бас тар­тыпты. Өйткені доңыз мұсылман тұт­ы­нушылардың наразылығын тудырса ке­рек. Ортағасырлық Еуропада ақшаны қауіп­сіз жерде сақтау үшін мысықтың терісінен тігілген белбеуді қолданған екен. Бұл, бір жағынан, буыны сырқырап ауы­ратын адамдар үшін пайдасы зор деп есептелген. Осыдан бір жыл бұрын Жа­пония дүкендерінде өзін-өзі «құрбан етуші» тиын салғыш пайда болды. Егер оған белгілі уақытта, белгілі бір көлемде тиын салмасаңыз, тиын салғыш өзінен-өзі парша-паршасы шығып, жарылып қалады. Мұндай тиын салғыш сіздің бюджетіңіздің уақытымен толығып отыруына септігін тигізеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста