Денсаулығы мықты болса, адам әркез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Біз бүгін аурудың кейбір түрлерінен мүлдем ақша шығындамай-ақ құтылуға болатын амалдарды назарларыңызға ұсынып отырмыз:
* Тамағыңыз жыбырласа – құлағыңызды қолыңызбен қатты басып, уқалаңыз. Құлақ жүйкесін қалпына келтірген кезде тамақтың бұлшық еттері жиырылады. Бұл жағымсыз жыбырлаудан арылуға септігін тигізеді.
* Біреудің сыбырлап айтқан сөзін түсінбеген болсаңыз – сыбырлаушыға оң құлағыңызбен бұрылыңыз. Оң құлақ жылдам айтылған дыбыстарды жақсы қабылдайды. Ал егер ақырын ғана шығып жатқан әуенді тыңдағыңыз келсе, сол құлағыңызды тосыңыз. Ол әуенді оң құлағыңызға қарағанда жақсы айырады.
* Уколдан қорықсаңыз – салып жатқан кезде жөтеліңіз. Жөтел – кеуде жасушалары мен жұлынның қысымын жоғарылатады. Бұл ретте ауырғанды сезіну рецепторлары тынышталып, ауырғанды сезбей қаласыз.
* Мұрныңыз бітелсе – тіліңізді жоғары қарай шығарып, қасыңыздың екі ортасын саусағыңызбен басыңыз. Нәтижесінде трапецияға ұқсаған мұрын желбезектерінің сүйегі орнынан қозғалып, жеңілдейсіз. Жиырма секундтан кейін мұрныңыз ашыла бастайды.
* Түнде асқазаныңызды қыжыл мазаласа – сол жақ бүйіріңізбен ұйықтаңыз. Мұндай қалыпта ұйықтау оттегінің өңешке өтіп кетуінен қорғайды. Өңеш пен асқазан белгілі бір ара қашықтықта орналасқан: оң жағыңызбен ұйықтаған кезде асқазаныңыз жоғары болып, сол жағыңызбен ұйықтаған кезде керісінше, төмен түседі. Одан оттегінің өтуі қиындайды.
* Тісіңіз ауырса – төртбұрышты мұзды алып V тәріздес басбармақ пен сұқ саусағыңыздың ортасына орналастырыңыз. Тісіңіздің ауырғаны басылады. Оның сыры мынада: осы екі саусақтың арасындағы жүйке талшықтарының қалпына келуі арқылы мидың ауруды сездіру қабілеті төмендейді.
* Саусағыңызды күйдіріп алсаңыз – күйген жеріңізді басқа саусағыңыздың ішкі бөлігімен басыңыз. Мұз ауруды тез басқанымен артынан тері күлдіреуі мүмкін. Ал оның орнына саусағыңызды қойсаңыз, тері қалыпты температураға түсіп, күлдіреуді болдырмайды.
* Жүгіргеннен кейін бүйіріңіз шаншыса – сол аяыңызды басқан сайын дем шығарыңыз. Адамдардың көбісі оң аяғы жерге тиген сайын дем шығарады. Бұл оң жаққа орналасқан бауырға қысым түсіреді. Осының салдарынан диафрагмаға ауырлық түсіп, бүйіріңіз ауырады.
* Мұрныңыз қанаса – қызыл иегіңізге мақта қойып, қатты қысыңыз. Көп жағдайда қан мұрынның алдыңғы бөлігінен ағатындықтан оны осы тәсілмен тоқтатуға болады.
А. СЕМБЕК.