Аққайнарды арақпен, сырамен, басқа да спиртті ішімдіктермен араластырып ішу қауіпті ме? Оның қандай салдары болуы мүмкін?
Жандәулет СҰЛТАНАЛИН, Көкшетау қаласы
Дәрігерлердің айтуынша, аққайнар шарабын өзге алкогольді сусындармен араластырып қолданбаған жөн. Бұдан адам бас сақинасы ауруына шалдығуы мүмкін. Өйткені бұл шарап ашытқымен іріту процесі арқылы көмірқышқылын айыру нәтижесінде газдалып жасалады. Құрамында 10% этил спирті бар, кермектігі 37,5 градустан кем болмайтын сусын ауыз қуысында және қарынның шырышты қабатында көпіреді. Ал ол басқа спиртті ішімдіктермен араласқан кезде, мұның іш құрылысы органдарының жұмысына зақым келтіруі әбден мүмкін. Ағзада қан ағынының ретсіз жылжуы есебінен адам бас ауруын сезінеді. Спиртті ішімдік қана емес, аққайнармен араласқан лимонад пен басқа да шырынды сулардың әсері осындай болуы ғажап емес.
Аққайнарды өзге сусындармен араластырып ішу зиянды ма?
Последние статьи автора