Бүгінде апта күндерін біз қай халықтан енген атаумен атап жүрміз? Төл тілімізде әр күннің байырғы кезден қалыптасқан аты бар ма?
Болат Нұрғазы, Қарағанды қаласы
Қазіргі қазақ тілінде қолданылып келе жатқан аптаның алты күнінің атауы парсы тілінен енген. Әр күннің соңындағы «сенбі» парсының «күн» дегенді білдіретін «шамбэ» сөзінен шыққан. Осылардың ішінде қай күннің атауы парсынікі еместігін біліп тұрған шығарсыз. Әрине, мұсылман үшін қасиетті жұма атауы арабтан енген. Мағынасы «жиналу, басқосу» дегенді білдіреді.
Қыпшақтардың «Кодекс Куманикус» кітабында қыпшақ тіліндегі апта күндерінің атаулары былай деп келеді: сабат күні – сенбі, йекшанбе – жексенбі, тушанбе – дүйсенбі, сешанбе – сейсенбі, чаршанбе – сәрсенбі, паншанбе – бейсенбі, айна – жұма.
Байқасаңыздар, қыпшақтар аптаның ең соңғы күні – жұманы «айна» деп атаған. Қазір сол түбірді тек түрікмендер ғана сақтап, жұма күнін «анна» деп атайды. Төл қазақшада апта күндері бүгін – бірінші күн; ертең – екінші күн; бүрсігүні – үшінші күн; арғы күні – төртінші күн; ауыр күн – бесінші күн; соңғы күн – алтыншы күн; азына – жетінші күн.
Апта күндерін қай тілде атап жүрміз?
Последние статьи автора