Қазір компьютерді зақымдайтын вирус деген дүниені тазартып, одан арылтып тұратын антивирус бағдарламасы бар. Осы бағдарлама қашан шыққан? Және ол қаншалықты сенімді?
Ердембек БЕКБОЛАТ, Өскемен қаласы
Компьютерлік вирус туралы елдің бәрі естігенімен, оның іші 1948 жылы жасала бастаған математикалық теория екенін ешкім білмейді. Керемет антивирус ойлап табу мүмкін емес. Бірақ бұл идеалдың қолжетпестігі оған ұмтылу керектігін қолжетпестей етпейді. Вирус пен антивирустың пайда болудағы негізгі кезеңдері: 1949 – Нейманның ойлап табуымен вирустар теориясының негізінің қалануы. 1961 – вирустың болашақ бейнесі Darwin ойынының қайта жасалуы. 1970 –компьютерлік бағдарламаға ( Грегори Бенфордтың фантастикалық романындағы) VIRUS сөзінің тұңғыш енгізілуі. 1981 – ең алғашқы Elk Cloner и Virus вирустарының пайда болуы. 1998 – тайвандық студент Чень Инхаоның жасаған Win95.CIH (Чернобыль) вирус індеті. 2000 –10 млдр доллар зиян шектірген ең зиянды «I love you» вирусының пайда болуы. 2004 – ұялы телефондар үшін ең алғашқы «құрт» Cabir-дің шығуы. 2006 – дүкендер мен қоймаларда RFID-метка үшін қолданылатын алғашқы вирустың шығуы.
Антивирустың басты ережесі сақталуында. Сондай білімді қажет етпейтін бірнеше жеңіл ережелерді жасау компьютерді вирустенуден ең төменгі мөлшерге дейін сақтайды. Және де компьютеріңізде жиі жаңарып отыратын антивирус орнатылып тұрғаны дұрыс. Электронды хаттағы белгісіз хаттар мен белгілерді ашпаңыз, тек таныс мекенжайдан келгенді ашпасаңыз, вирус әп-сәтте кіріп кетуі мүмкін. Антивирус компьютеріңізді толықтай вирус кіруден сақтайды деген сөз емес. Ол үшін бүкіл компьютерлік жүйеңізді жарты не бір жылда тазартып, қаратып тұрыңыз.
Антивирус қашан пайда болған?
Последние статьи автора