Антикалық ойшылдар неге демократияны сынады?
Осы Аристотель, Платон секілді ежелгі ойшылдар демократияны қолдамаған дегенді естідім. Олар не үшін демократияны жақтырмаған?
Ержан, Алматы облысы
Аристотель мемлекеттің формаларын дұрыс және бұрыс деп екіге бөлген. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктің мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделерін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал бұрыс формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады. Жоғары билік заңда емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алады. Аристотельдің көзқарасы бойынша ең нашар демократия, ол – халық, тобыр билеген демократия. Демократияның мұндай түрінде халық монарх рөлінде және деспот болады, ал қоғамдық құрылыс тиранияны еске түсіреді. Аталған нұсқа тобырдың пікіріне үстемдік ететін демагогтарға тиімді заң жоқ, мемлекет жоқ. Көпшіліктің шешімдерімен заң ауыстырылады, халық заңнан айналып өтіп, шешімдер қабылдайды. Платон да демократияға теріс көзбен қарады, ол охлократияны (қараның, тобырдың билігі) демократияның жалғыз түрі ретінде қарастырды. Платон үшін демократия – ешқандай заңмен санаспайтын, кез келген жағдайда үстірт шешім қабылдайтын қараның билігі. Оның демократияға берген мынадай анықтамасы бар: «Демократия – ол оның шеңберінде қалағаныңды жасауға болатын құрылым».