Аңға шыққанда нені білу керек?

Елімізде аң аулауға рұқсат беретін маусым қашан басталады? Аң аулауға шыққан адамда қандай құжат болуы керек?
Ерболат Ынтықбаев,
Алматы облысы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрлігі мамандарының хабарлауынша, Қазақстан аумағында суда жүзетiн құс­тарға, тұяқты жануарлар мен жырт­қыш­тарға күзгі аңшылық маусымы 7 қыр­күйекте басталады. Аң аулау ережесінің талаптарына сәйкес, аңшыларға респуб­лика аумағындағы 634 аңшылық ша­руашылық аумағында ғана аң аулауға рұқсат етіледі, оның ішінде, құстардың 59 және сүтқоректілердің 34 түрін аулауға болады. Әуесқойлық аң аулау үшін аңшы куәлігі, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында бекітілген аңшы куәлігін жыл сайынғы тіркеу үшін мем­лекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек, жануарлар дүниесін пайда­лануға рұқсат, аңшылық шаруа­шылығы субъектісінің жолдамасы, ішкі істер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығын берген рұқсаты, жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – соған рұқсат беретін құжат талап етіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста