Ананастың құрамында қандай заттар бар?
Отбасымызда балаларымыз да, өзіміз де ананас жегенді жақсы көреміз. Бұл жемістің химиялық құрамы қандай? Қандай заттардан тұрады?
Асылзат БЕРДІМҰРАТОВА, Ақтөбе облысы
Ботаника тілінде кекілді немесе нағыз ананас аталатын жеміс әлемнің барлық тропикалық елінде өсіріледі. Жемістің бау-бақша өнімі ретінде өсірілетін түрлері жұпар иісті, қышқылтым тәтті дәмге ие. Ананастың салмағы 2 келіден 16 келіге дейін барады. Ақсары түсті жұмсағы бар ананас құрамының 86,1%-ы судан, 4,5%-ы химиялық құрылымы өзгеріске ұшыраған қанттан, 6,9%-ы сахарозадан, 0,41%-ы азотты заттардан, 0,52%-ы қышқылдардан, 0,42%-ы күлден тұрады. Ананас ағзаға қажетті дәрумендерге бай. Жемістің шырыны да, қалбырға бұқтырылған түрі де денсаулыққа пайдалы. Ананас өндіруден әлемде төрт ел көш бастайды, олар: Таиланд, Филиппин, Бразилия, Коста-Рика.