Анамызға Батыр ана атағы берілуі тиіс пе?
Біз Оңтүстік Қазақстан облысында тұрамыз. Біздің анамыз дүниеге жеті бала әкелген. Бірақ екеуі бір жасында қайтыс болған. Екі баласы бір жасында қайтыс болған соң, осы уақытқа дейін Батыр ана атағын алуға құжаттар тапсырған жоқ. Осы орайда біздің білгіміз келгені, екі баласы бір жасында қайтыс болса да, анамызға Батыр ана атағы беріле ме?
Жиенгүл НАРТБАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы мамандардың берген мәліметіне қарағанда, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 Заңына орай, 2010 жылдан бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» жеті, алты бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар, жетінші, алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады.
Жоғарыда аталған заңнамаға сәйкес мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдар енгізеді.