Алматыда – ережесіз төбелес

Алматыда ережесіз төбелестен бір турнир өтеді деп естідім. Егер, шынымен-ақ, осындай жекпе-жектер ұйымдастырылатын болса, билетін қайдан алуға болады және кімдер келеді екен?
Қабылбек Соқыбеков,
Өскемен қаласы
Мұндай ақпараттан біз де құлағ­дар­мыз. Сіздің сұрағыңыздың нақты жауа­бын білу үшін ұйымдастырушылардың бірі  – Елмұрат Қайыпжановпен хабарласып, төмендегідей жауап алдық:
– Иә, ережесіз төбелестен бірнеше жек­­пе-жек ұйымдастырайын деп отыр­мыз. 26 сәуір күні Алматыдағы Респуб­лика сарайында өткізбекпіз. Бұл «Панк­ратионнан халықаралық жекпе-жектер» деп аталады. Онда ТМД және Еуразия чемпионы деген атақ сарапқа салынады. Көрермендер сегіз жұптағы төбелесті тама­шалай алады. Біздің жігіттер Ресей мен Қыр­ғызстан спортшылары­мен айқасады. Сондай-ақ бұл кештің басты ерекшелігі қазақи нақышта өткізілуінде болмақ. Шар­шы алаңға жігіттер ақ боз атқа мініп, ұлт­тық киімімізді киіп шығады. Бұл жекпе-жектер­ді ұйымдастырушылардың бірі – ере­жесіз төбелестен әлем чемпионы Ар­дақ Назаров. Құрметті қонақ ретінде Олег Тохтаровты, Константин Цзюді және Федор Емельянконы шақырып отырмыз. Билеттер Республика сарайының касса­сында сатылу­да. Билет құны – әртүрлі, жалпы, бес мыңнан жоғары.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста