Алюминий тотығын қалай қолдан тазартуға болады?
Мен алюминийден жасалған ыдыстарды көп қолданамын. Соңғы уақытта ыдыстарымның аздап тотыға бастағанын байқадым. Арнайы орындар оларды тазалау үшін қымбат ақы алады. Тотықтарды қолдан қалай кетіруге болады?Жанар Қуанышқызы, Алматы қаласы
Тұрмысымызда кейде алюминийден жасалған бұйымдардың сыртынан күңгірт дақтарды байқап қаламыз. Бұл дақтар – алюминийдің тотығы. Бұл таттарды сіз қолдан тазарта аласыз. Ол үшін 30 грамм бура, 10 пайыздық 10 грамм нашатыр спиртінің бір литр судағы ерітіндісін араластырып, ыстық ерітінді дайындайсыз. Одан кейін ерітіндіге шүберекті малып, ыдыстың тотығын ысқылап сүртесіз. Соңынан бұйымдарды сумен жақсылап жуу қажет.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу