Алиментті ажыраспай-ақ ала аласыз
Күйеуім бар тапқан табысын достарымен сыра ішіп, автомат ойындарын ойнауға жұмсайды. Қанша жақсы сөзімді айтсам да мені түсінбейді. Жақында жолдастарымнан «ажыраспай-ақ алимент өндіріп алуға болады» дегенді естіп едім. Осы рас па?
Дамира ҚАСЫМОВА, Алматы қаласы
Қазіргі заңнамаға сәйкес, алиментті ажыраспай-ақ алуға болады. Ол үшін өзіңіз тіркелген мекенжайдағы сотқа алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөнінде арыз жазасыз. Оның үлгісін кез келген сот мекемесінің кіре берісінен табуға болады. Онда қандай құжаттар жинау керектігі де көрсетілген. Сол бойынша арызбен қоса, тиісті құжаттарды өткізсеңіз, ажыраспай-ақ алимент алуға қол жеткізесіз. Алимент мөлшері күйеуіңіздің жалақысы мен кәмелетке толмаған ортақ перзенттеріңіздің санына қарай есептеледі.