Алғашқы кездесуде жіберуге болмайтын 10 қателік!
Арманыңыздағы жігіт сізді романтикалық кешкі асқа шақырды ма? Онда Коко Шанель айтқандай сіздің алғашқы əсер қалдыратын екінші мүмкіндігіңіз болмайтынын есте сақтаңыз. Ол үшін алғашқы кездесуде қыз-бойжеткен көп жіберетін қателіктерді қайталамаңыз. Қандай дейсіз бе, төмендегіні оқыңыз.
1. Кавалеріңіз сізді сағаттап тосып қалмасын.
2. Этикет бойынша 15 минут кешігіп келсеңіз де жеткілікті, жарты сағат немесе одан да көп уақыт кешігу өзгенің уақытын сыйламауды білдіреді жəне өз сыйыңызды да жоғалтасыз.
3. Соңғы сəтте кездесуден бас тартпаңыз.
4. Алғашқы кездесуде өзіңіз жайлы бар шындықты жайып салмаңыз, құпия болыңыз, сіздің құпияңызды ашу үшін жігіт екінші, үшінші, төртінші кездесуге шақырсын
4. Жігіт сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеңіз.
5. Кездесуде иісі қатты шығатын тағам жемеңіз.
6. Егер жігіт сұрамаса, бұрынғы жігіттеріңізді айтып өткенді қозғамаңыз
7. Алғашқы кездесуде жігітке мəселелеріңіз жайлы айтпаңыз, кездесу позитивті есте қалуы керек
8. Кездесуде əдейі өзге жігіттердің назарын өзіңізге аудартпаңыз
9. Егер əзілдей білмесеңіз, оған əзілдеп үстінен күлмеңіз
10. Ең бастысы бір түндік қыз болмаңыз. Жігітіңіз сізге оңайлықпен қол жеткізбесін, себебі Бланш Дюбуа айтқандай не нəрсе оңайлықпен келсе , соның қадірі жоқ. Немесе атам қазақ айтқандай еңбекпен келген нан тəтті
Ал сіздерде қалай, алғашқы кездесуде осындай қателіктер болды ма? Қандай қызықтар болды алғашқы кездесуде бөлісе отырыңыздар.