«Көшпенділер» фильмінде «мынау – ғлабас, мұны сізге қазақ ханы Абылай жіберді» дейді. Жалпы, глобусты біздің көшпелі түркілер ойлап тапқан деген рас па?
Төлеген БЕКТЕМІРОВ, Алматы
Глобус жайлы алғашқы дерек ежелгі грек жазбаларында ұшырасады. Жазба деректерге сүйенсек, глобус гректерге алғаш Кратес есімді азамат арқылы тап болғанға ұқсайды. Ал ол біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын болған оқиға болса керек. Ал нақты дерегі бар глобусты 1492 жылы географ Мартин Бехайм атты немістің географ ғалымы әзірлеген. Ал онда Америка жоқ, себебі Американы Христофор Колумб глобус пайда болғаннан көп жылдардан кейін барып ашқан. Ал Ресейде осы бір «алманы» алғаш ХVІІІ ғасырда шіркеу діндары Карп Максимович жасаса, оның дамуына зор үлес қосқан ірі оқымысты, ғалым Михаил Ломоносов.
Алғашқы глобуста Америка жоғы рас па?
Последние статьи автора