Алғашқы әліппе қай жылы шыққан?

Қазақтың тұңғыш әліппесін алаш қайраткері, көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынов жазғанын білеміз. Осы әліппе қай жылдары жазылып, жарық көрген?Айбар МАТАЙҰЛЫ, Ақтөбе қаласы

А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап бірнеше оқу құралдарын жазған.

1902 жылдан бастап “Ауыл мектебі” деп аталатын үш жылдық бастауыш мектептерде қазақ балалары сауатын алдымен орыс тілінде ашты, ресми түрде қабылданған графикасы болмады, ал мұғалімдер өз ыңғайына қарай орыс жазуларын пайдаланды. 1905 жылы А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары патша үкіметіне петиция жолдап, онда “Қазақ даласында оқу-ағарту дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінің балалары қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін” деп талап қойды.

А.Байтұрсынов осы талаптарды жүзеге асыру үшін 1912 жылы тұңғыш «Әліпби» жазды. Мұны ол «Оқу құралы» деп атады. Ол бұдан бұрын 1892 жылы «Букварь для киргизов» деген оқу құралын жазып, ол жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ бастауыш мектептерінде пайдаланылып келген. 1926 ғалым «Әліпбидің» жаңа түрін жазып шығарды.
Ахмет Байтұрсыновтың «Әліпбиi» – қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол – араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық «Оқу құралы».

Оқу құралындағы қазақ халқының даналығын көрсететін ауыз әдебиетінің тәрбиелік мазмұнды түрлі жанрларын пайдалануға ұсынылуының бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі әсері мен ықпалы ерекше болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста