Әлеуметтік сақтандыру қорына артық ауып кеткен ақшаны қалай қайтаруға болады?

— Біздің мекемеде жұмыс істейтін қызметкердің әлеуметтік сақтандыру шотына артық ақша ауып кетті. Бұл жөнінде біз Қостанай облыстық Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығына бүкіл құжаттарды жинап, үш-төрт ай бұрын жібердік. Енді артық ақшаны қайтаруы үшін тағы не істеуіміз керек?

Айдос,
Қостанай облысы,
Амангелді аудандық
ауруханасының есепшісі


Қостанай облыстық Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы мамандарының айтуынша, Төлеушінің (жұмыс берушінің) артық төлеген әлеуметтік аударымдар сомасын «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) жұмыс берушінің өтініші негізінде қайтарады екен. Артық төленген әлеуметтік аударымды қайтару үшін өтінішті зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі – ЗТМО) жіберуіңіз керек. ЗТМО үш банктік күн ішінде аударылған әлеуметтік аударымдарды тексереді. Онан соң сол төлем бойынша деректемелерді қосып, Қорға жібереді. Қор өтінішті өңдеп төлем тапсырмасын жасайды, сонан соң үш банктік күн ішінде ЗТМО шотына ақша аударуды жүргізеді. Қайтаруға жатпайтын сома бойынша Қор ЗТМО-ға қайтарылмау себебін көрсетіп шешім жібереді. Бұл ретте өтініш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21. 06. 2004 ж. №683 қаулысында көрсетілген өтініш түрінде толтырылуы қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста