Әлемдегі сүйкімді саясаткер кім?
Менің білгім келетіні, әлемдегі ең сүйкімді әрі тартымды саясаткер кім екен? Бұл бойынша рейтинг бар ма?
Маржан ҚҰДИЯРОВА, Алматы қаласы
Кеше италиялық «Коррьере делла сера» газеті «Хоттест хэд оф Стэйт» ұйымының құрастырған әлемдегі 172 мемлекеттің президенттері, премьер-министрлері мен монархтары сүйкімділігі бойынша рейтингін жариялады.
Бұл рейтингтің басында Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко тұр. Одан кейінгі орынды Норвегия премьер-министрі Енс Столтенберг еншілесе, үшінші орынға – Бутан королі Джигме Кхесар Намгъел Вангчук, төртінші тұғырға – Конго Президенті Жозеф Кабила, Аргентина премьері Кристина Фернандес де Киршнер бесінші орынға жайғасты. «Батька» – Беларусь Президенті Александр Лукашенко 12-орыннан көрінсе, жұрт мақтаған Нобель сыйлығының иегері Барак Обама – 15, Ресей премьері Владимир Путин 18-орынға тұрақтаған. Франция Президенті Николя Саркози – 28, Иран басшысы Махмұд Ахмадинежад – 48, Қырғызстан басшысы Құрманбек Бакиев – 64, Италия премьері Сильвио Берлускони – 65, Венесуэла Президенті Уго Чавес – 97, Германияның қайта сайланған канцлері Ангела Меркель – 109-орында, ал КХДР көсемі Ким Чен Ир тізімнің ең соңынан көрініпті.