Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен «Хазірет Сұлтан» мешіті салынып жатыр. Әлемдегі ең үлкен мешіттер қайсы, қай елде орналасқан?
Армат Алғазиев, Алматы
Әлемдегі ең үлкен мешіт – Сауд Арабиясының Мекке қаласындағы қасиетті Қағба орналасқан әл-Масжид әл-Харам мешіті. 638 жылы іргетасы қаланған мешіттің аумағы 400 800 шаршы метр, қажылық кезінде 820 мыңнан 4 миллионға дейін жамағат зиярат ете алады. Сондай-ақ әлемдегі екінші мешіт деп есептелетін кірпіші 622 жылы қаланған Мединедегі әл-Масжид әл-Набави мешітіне қажылық кезінде 1 миллиондай адам сыяды. Биіктігі 105 метрге жететін 10 минарет Набави мешітіне көрік беріп тұр. Иранның Масхад шаһарындағы имам Реза мешіті әлемдегі үшінші мешіт саналады. 818 жылы тұрғызылған мешіттің аумағы 331,578 шаршы метр, жылына 3-4 миллион адам зиярат етеді. Индонезия астанасы Джакартадағы Масжид Истихлал мешіті әлемдегі төртінші үлкен мешіт. Оның көлемі 95 мың шаршы метр, 120 мың адам құлшылық ете алады. Марокконың Касабланка қаласындағы Хасан ІІ мешіті әлем бойынша 5-тұғырда тұр.
Сондай-ақ Дубайдағы Шейх Зайд ибн Сұлтан ан-Нахайян мешіті, Брунейдегі Сұлтан Омара Әли Сайфуддин мешіті, Пәкістандағы Фейсал мешіті, Түркиядағы Ахмет Сұлтан мешіті дүниежүзіндегі ең үлкен мешіттер саналады.
Әлемдегі ең үлкен мешіт қайда бар?
Последние статьи автора