Әлемдегі ең биік ғимарат қай елде және оның биіктігі қанша? Басқа елдерде онымен бәсекелес ғимарат салынып жатыр ма?
Мәден МҰХТАРОВ, Ақмола облысы
Бүгінгі таңда әлемдегі ең биік және ең көпқабатты ғимарат – Біріккен Араб Әмірлігінде тұрғызылған бүкіл әлемге «Дубай мұнарасы» деген атпен танылған алып нысан. Оның құрылысы 2010 жылы толықтай аяқталып, ақпан айында ашылды. Бұл алып ғимарат Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның құрметіне «Бурдж Халифа» деп аталып келеді. Ғимараттың биіктігі – 828 метр, қабаттар саны – 163. Дубай мұнарасы ең биік тұрғын үй ғимараты және әлемдегі ең биік тамашалау алаңы бар нысан (мұнараның 124-ші және 160-шы қабаттарында тамашалау алаңдары орналасқан) санаттары бойынша бірінші жүлде алған. Мұнараның 19-шы және 108-ші қабаттары аралығында 900 апартамент орналасқан.
Ал онымен бәсекелес мұнараны Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында тұрғызу жоспарлануда. Баку мұнарасының биіктігі – 1050 метр, қабаттар саны 189 болады деп күтілуде. Мұнара айналасындағы 2 мың га жерге 41 жасанды арал салынып, Khazar Islands қалашығы бой көтермек. Құрылыстың жалпы құны – 100 млрд доллар, тек мұнараның тұрғызылуына 2 млрд доллар жұмсалатын болады. Khazar Islands қалашығында 150 мектеп, 50 аурухана, 1 млн тұрғынға шақталған 25-60 көпқабатты үйлер салу жоспарланған. Онымен қоса, қалашықта мәдени-ойын сауық орталықтары, университет тұрғызылады деп күтілуде.
Құрылыс 2015 жылы басталып, 2018-2019 жылдары мұнара тұрғызылып, 2022 жылы қалашық құрылысы толықтай аяқталмақ.
Әлемдегі ең биік ғимарат қай елде?
Последние статьи автора