Әлемдегі ең бай саясаткерлер туралы білгім келеді.
Нұрбек Қуанышұлы, Алматы
Қоғам арасында кім саясатпен айналысса, сол адамды бай деп есептеу қалыптасқан. Алайда саясаткерлері табыстарын жария етіп отыратын Батыста байлықтары бүкпесіз айтылып, жазылады. Ұлыбританиялық The Times газетінің өткен жылдың соңында жасаған қорытындысы бар. Бұл басылымның рейтингісіндегі саясаткерлер туралы айтар болсақ, әлемдегі ең бай саясаткер Ресей Федерациясы кеңесіндегі Дағыстан Республикасының өкілі Сүлеймен Керімов атанған. Оны мұндай атаққа жеткізген – 17,5 млрд доллар жеке қаражаты. Керімовтің негізгі активтері – «Газпромда», «Сбербанкте», Мәскеу қалалық телефон желісінде және т.б. Үздік үштікте Нью-Йорк қаласының мэрі Майкл Блумберг пен Париж шаһарының маңындағы Корбей-Эссон атты шағын қаланың басшысы Серж Дассо бар. Алғашқысы – медиамагнат. Оның акциялары «Блумберг-Ньюс» әлемдік қаржы жаңалықтарының желісі мен телеарналарда, радиостанцияларда көрінеді. Ал Дассоның әулетіне ірі Dassault Aviation авиаконцерні тиесілі. Аталған газетте украиналық саясаткерлер Ринат Ахметов (7,3 млрд доллар) пен Константин Жевагоның (3,4 млрд доллар) да аттары аталған.
Әлемдегі ең бай саясаткер – Сүлеймен
Последние статьи автора