Әлемде және елімізде барланған уран қоры қанша?
Қазақстанның 2009 жылы уран өндіруден әлемде бірінші орынға шыққаны мәлім. Жалпы, елімізде барланған уран қоры қанша?
Ақлима, Жамбыл облысы
Бүкіл әлемде барланған уранның жалпы қоры 3,5 млн тоннадан асып жығылады. Оның 96 пайызы әлемнің 11 мемлекетінде шоғырланған. Австралияда бүкіл дүние жүзіндегі уранның төрттен бірі кездеседі, яғни бұл 989 мың тонна уран деген сөз. Ресейдің барланған уран қоры орасан мол, онда 830 мың тонна уран бар. Қазақстанда да әлемдегі барланған уран қорының төрттен біріне жуығы шоғырланған. МАГАТЭ есебі бойынша, еліміздің жер қойнауында бүкіл әлемдегі уранның 19 пайызына жуығы кездеседі, шамамен бұл – 802 мың тонна.
Канадада – уранның әлемдік қорының 11 пайызы (441 мың тонна), ОАР-да – 10 пайызы (398 мың тонна), Украинада – 6 пайызы (250 мың тонна), Нигерде – 6 пайызға жуық (227 мың тонна), Намибияда – 5 пайызы (212 мың тонна), Бразилияда – 3 пайызы (143 мың тонна), АҚШ-та – 2 пайызға жуығы (102 мың тонна), Өзбекстанда 2 пайызға жуығы (93 мың тонна) кездеседі.