Жыл сайын әлемде шамамен қанша адам дүниеге келедi?
Инаят ОТАРАЛЫҚЫЗЫ
Демограф-санақшылардың деректерiне сүйенсек, адамзаттың бүкiл тарихында 80 миллиардтан астам адам туған. Оның iшiнде б.з.д 40 мың жыл iшiнде – 4 млрд, бiздiң заманымыздың 1750 жылға дейiн 61 миллиард және 1750-1990 жылдары 15 миллиардтан астам адам дүниеге келген. Ал жыл сайын дүниежүзiнде шамамен 140 миллион адам дүниеге келедi екен. Тиiсiнше әрбiр секунд сайын – үш, әрбiр минут сайын – 175, әрбiр сағат сайын – 104 мың, әрбiр тәулiк сайын 250 мың жаңа «жерлiктер» пайда болады. Сонымен, әрбiр айда дүниеге келгендердiң саны Австрия немесе Тунис елiнiң халықтары қосылғандай болатын көрiнедi.
Әлемде секундына үш нәресте дүниеге келедi
Последние статьи автора