Әлемде қанша гагауз бар?
Әлемде түркі тілді халықтардың бірі саналатын гагауздардың саны қанша? Олар негізінен қай елде тұрады? Елімізде қанша гагауз бар?
Сағындық ШІЛДЕБАЕВ, Алматы қаласы
Дүниежүзінде гагауздардың жалпы саны 250 мың адам делінеді. Бұл халық негізінен Молдова мен Украинада тұрады. Молдовада Гагаузия автономды аумақтық құрылымы бар. Гагауздардың тілі – түркі болғанымен, діні – православ. Соңғы халық санағы бойынша Молдова мемлекетінде – 147 500 гагауз тіршілік етеді. Днестр жағалауында – 4 100, Украинада 31 900, Ресейде – 12 200, Түркияда – 15 000, Грекияда – 3000, Болгарияда – 1400, Румынияда — 3000, Қазақстанда 978 гагауз бар екен. Сондай-ақ бұл ұлттың бірен-саран өкілдері Өзбекстан, Түрікменстан, Беларусь, Латвия, Бразилия, Канада елдерінде де тұрады.