Әлемде қанша демократиялы мемлекет бар?

Дүниежүзінде қанша ел республика, қанша ел демократиялық мемлекет болып саналады?  
Әлібек,
Алматы облысы
Саясаттануда Парламенттің ота­ны Англия болатын болса, рес­публиканың отаны Франция деген сөз бар. Б.Өтемісов, Қ.Қа­­ра­бала деген авторлардың «Сая­саттану» кітабына сүйен­сек, дү­ние­жүзінде 150-ден астам рес­публикалар бар, 30-ға жуығы онституциялық мо­нар­хия, шексіз мо­нархия, теок­раттық діни рес­пуб­ликалар бо­лып қалыптасқан. ХХ ғасыр­дың басынан бастап рес­пуб­ликаға өту кең орын алса, рес­пуб­ликадан, керісінше, мо­нар­­хия­ға ауысушылық бол­ған жоқ. Соң­ғы кездегі мо­нар­хиядан және тоталитаризмнен рес­публи­каға өткен мемлекет­тер Ливия (1969 ж.), бұрынғы КСРО-ның рес­пуб­ли­калары мен Шығыс Еу­ро­па елдері (1989-1991жж) жә­не Непал (2008 ж.) болды. Ал қа­зір дү­ние­жүзіндегі мемлекеттер­дің қан­шасын демократиялық мем­лекет деп есептеуге болады? Ол 70 мемлекеттей ғана, үштің бірі. Демократияның даму та­рихына қорытынды жасайтын болсақ, бүгінгі күні ол негізгі екі жетіс­тік­ке жетті: біріншісі, әлемдегі барлық мемлекеттердің үштен бірінің демократиялық болуы, екіншісі – 150-ден астам мем­ле­кеттерде республиканың ор­нығуы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста