Мен Моңғолиядан көшіп келген қазақпын. Жиған-терген қаражатымыз қатарында әл-Фараби бейнелі теңгелер қалып қойыпты. Бұл ақша енді ештеңеге жарамай ма?
Ерлік Задыхан, Алматы
Ақшаңыз кәдеге жарайды. Оны Ұлттық банкте айырбастап алуыңызға болады. Ол үшін Ұлттық банктің қалалық немесе облыстық бөлімшелеріне өтініш жазу керек. Ауылдық жердегі ағайын аудан орталығына барып, кез келген коммерциялық банктен ақшаны Ұлттық банкке айырбастап беру туралы көмек сұрауына болады. Әл-Фараби теңгелері 2007 жылдың 15 қарашасында айналымнан шығарылған еді. 2008 жылға дейін ақша кез келген банкте айырбасталатын. Ұлттық банк ұмыт қалған теңгелерді 2018 жылға дейін алмастырып береді. Былтыр Ұлттық банк ескі үлгідегі теңгенің 48 мың данасын, биыл 21 данасын айырбастап берген.
Әл-Фараби бейнеленген теңгелерді айырбастауға бола ма?
Последние статьи автора