Елімізде аккумулятор зауыты ашылды деп естідім. Қай қалада ашылды және қандай аккумулятор шығарады?
Сайын Жантасов, Тараз
Расында да, жуырда Шымкент қаласында автокөлікке арналған аккумулятор зауыты іске қосылды. Кәсіпорында 44-190 амперге дейінгі аккумуляторлар шығарылады. Өнім құрамының 95 пайызы зауыттың өзінде өндірілгендіктен, тауардың өзіндік құны 30 пайызға арзанырақ болмақ. Аккумуляторлардың алғашқы топтамасы Шығыс Қазақстан облысындағы «Азия авто» мен Ресейдің Калуга қаласындағы Volkswagen автокөлік зауытына жіберіледі. Зауыт басшылары жыл соңына дейін 300 мың аккумулятор шығарылады деп сендірді. Ал зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млн 500 мың дана болмақ.
Аккумулятордан тарлық көрмейміз
Последние статьи автора