Әкімдердің өкілеттігін тоқтату тәртібі қалай?
Сайланған жергілікті әкімдердің өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі қалай жүзеге асады?
Ақбота, Талғар
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларында қарастырылған.
Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін аудандардың (қалалардың) әкімдері облыс әкімдерінің келісімімен қызметінен босатады.
Аудан (қала) әкімі Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қаласының, ауылдық округінің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенті мен ауылының әкімі өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы оның өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап үш күн мерзімде тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына хабарлайды.