Некеге тұрмаған туысқаным сәбилі болды. Баланың әкесі сәбиді де, келіншекті де қабылдағысы келмейді. Ал туысқаным туу туралы куәлігін жоғалтып алған. Мұндай жағдайда сәбиді қалай тіркету керек, оның әкесін қалай жаздырған жөн?
Сағира Махамбетова, Қостанай қаласы
ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 46-47 баптарына сәйкес, баланың анасы жағынан тегін ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі ата- анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап 270 күн ішінде туған жағдайда, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады. Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арыз болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегі ата-аналарының біреуінің, бала қамқоршысының арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Бұл жағдайда сот баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді.
Әкесіз сәбидің тегі қалай анықталады?
Последние статьи автора