Аймақтардағы журналистер даярлайтын оқу орындары жабыла ма?

Мен келесі жылы мектеп бітіремін. Журналист болсам деген арманым бар. Осы орайда менің білгім келгені, елімізде журналистер даярлайтын қанша оқу орны бар? «Алдағы жылы аймақтарда журналистер даярлайтын оқу орындары жабылады» деген сөз рас па?
Балжан, Шығыс
Қазақстан облысы
Бүгінгі таңда, әлемде ақпараттың алдың­ғы қатарға шыққан заманында БАҚ-тардың саны Қазақстанда 2,5 мыңнан асып отыр. Оған қоса, агенттіктерде баспасөз хатшылары жұмыс істейді. Ал республи­камызда журналистика мамандарын даярлайтын 27 оқу орны бар. Былтыр министрліктен журналистикаға 60 грант бөлінді. Оның ішінде қазақ бөліміне – 35, орыс бөліміне – 25 орын. Алдағы уақытта грант саны өседі деп күтілуде.
Аймақтардағы журналистер даяр­лайтын оқу орындарының жабылуы жайлы Еуразия ұлттық университетінде болған жиында министр Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Серік Мәуленұлына: «Алдағы уақытта журналистика мамандарын даярлайтын оқу орны тек Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болуы керек. Өзге қалалардағы жур­налистика даярлайтын бөлімшелер өздерінің журналист мамандарын даяр­лауға мүмкіншіліктері бар екендігін дәлелдей алса, жұмыстарын ары қарай жалғастырсын, ал бәсекеге қабілеттілік таныта алмағандарынан журналистика мамандарын даярлау туралы лицен­зияларын алу керек», – деген тапсырма берген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста