Әйелімнің босанатын күні жақындап қалды. Қазір кейбір мамандар әйелі босанғанда күйеуі қасында болуы керек, себебі барлық қиындықты бөліседі дегенді айтады. Осы рас па? Жұбайым босанып жатқанда қасында тұрғаным дұрыс па?
Алмас ЕРМЕКОВ, Алматы қаласы
Кейбір мамандардың солай айтатыны рас. Бірақ жақында Бирмингем университетінің зерттеушілері ер-азаматтардың әйелді босандыру кезін көруі өте зиян деген қорытындыға келіпті. Соңғы кездері сәнге айналып бара жатқан бұл үрдіс жігіттердің санасына үлкен соққы болып тиеді екен. Мұндай әсерден кейін жігіттердің көңілі тез босағыш болып, жігерінен айырылатын көрінеді. Оның бала тәрбиесінде де зияны байқалған. Өйткені баланың туылу сәтін көрген әке керек жерінде қатал бола алмай қалатыны анықталыпты. Бәрінен бұрын, ер адам одан кейін зайыбы алдындағы міндетті орындай алмай қалуы мүмкін деседі.
Әйелім босанып жатқанда, қасында тұрғаным дұрыс па?
Последние статьи автора