Өкінішке қарай, ер мен әйел өздерінің қалауларын бір-біріне ашық айтпағандықтан махаббат пен төсек қатынасын бұзатын көптеген түсініспеушіліктер туындап жатады. Кейде ұсақ-түйек жайттардың өзі айтарлықтай қиындық әкелуі де мүмкін. Басты себептердің бірі — күйеуіңіздің интимді өмірдегі қалауын білмеу. Ненің ұнайтынын немесе ұнамайтынын ол да айтпайды. Ал мінсіз төсек ойыны үшін бір-біріңізді бес саусақтай білу маңызды. Сол үшін әйел өзін төсек қатынасында қалай ұстауы керек деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Төсек үстінде сізде сезімталдық пен құмарлық оянуы мүмкін. Ол үшін ұялудың мүлде қажеті жоқ. Егер жарыңызға ұнаса, өзіңіздің онымен еркін болуыңызға мүмкіндік беріңіз. Төсек ойынан ләззат алмағаныңызды, оның сізді қанағаттандыра алмағанын немесе сізге жыныстық қатынас жиеркенішті екенін ашық айтып, жұбайыңызды ренжітіп қоймаңыз. Егер сізге жыныстық қатынаспен айналысқан ұнамаса, сексопотолог мамандарына көрінгеніңіз жөн. Өзіңіздің әйелдік қырыңызды ашып, йога немесе би түрлерімен айналысуығызға болады.
Жұбайыңыздан өз қажеттілігіңізді сұраудан ұялмаңыз. Егер оның қатынас кезіндегі әркеттерінің бірі ұнамаса оны байыппен, ыңғайлы кезде айтыңыз. Ешқашан бірден тап бермеңіз. Оның қалауын орындай отырып, қалжыңмен, астармен жеткізіңіз.
Өз күйеуіңізді ынтықтыра біліңіз. Әйел түрленіп отыруы керек, сонда ғана төсек ойыны сәтті болмақ. Көптеген еркектерге қатынастың қызықты болғаны ұнайды. Әйел белсенді, батыл және сүйіктісін еркелете білетін болуы керек.
Серігіңіздің эрогенді аймақтарын үйреніп алыңыз. Ол сіздің төсек қатынасыңыздың өмір бойы жандануына әсер ететін болады. Оның кеуде тұсына, арқасына, беліне көңіл бөліп, назар аударыңыз. Оны еркелетіп, аймалаған қаншалықты ұнайтынын байқап көріңіз.
Өзіңізге көңіл бөліп, төсек қатынасында әдемі болуға тырысыңыз. Бірінші кезекте денеңізді таза ұстап, жұпар иісті болыңыз. Сосын іш киімдеріңізге көңіл бөліңіз. Оның өзі ер адамның назарын аударады.