Айдан жер сатып алуға бола ма?

Айдан жер сатып алуға бола ма?

Осы Айдан жер сатып алуға болады деген әңгіме естідім. Айдан жер телімдерін қайдан сатып алуға болады?
Гүлдарай ЕСТАЕВА,
Жамбыл облысы
Жерден тыс учаскелерді сатумен ай­налысатын ұйым бар, бұл – Ай кон­сул­дығы. Осы ұйымнан кез кел­ген елдің азаматы тиісті ақшасын тө­ле­ген соң, Айдан, Марстан немесе өз­ге де Жер шарынан тыс аспан де­не­ле­ріндегі жер аумағына иелік ететіні ту­ралы сертификат алады. Ал бұл сер­ти­фикаттардың заңдық күші жоқ, түп­нұсқалық сувенир болып қалады. Ай учаскелерінің стандартты өлшемі – 1 акр, яғни шамамен 40 сотық. Соған қа­рамастан Ай консулдығының сер­тификаттарын сатып алуға сұраныс өте жоғары, өйткені бұл – бай-бағландардың өз туыстары мен достарына табыс етуге тап­тыр­майтын керемет сыйлық. Жерден тыс ға­рыштық денелердің (ғаламшарлар, жұл­дыздар) ешбір ел, компанияның мен­ші­гіне жат­пайтынына назар аударған АҚШ-тың Ка­лифорния штатының тұрғыны Дэннис Хоуп 1980 жылы өзін Күн жүйесіндегі Күн мен Жерден өзге барлық аспан дене­ле­рінің заңды егесімін деп жариялап жі­бер­ді. Ал оған қарсы тойтарыс беретін тиісті заңнама жоқ екен. Содан кейін-ақ Айдан жер сатып алу сәнге айналып кетті. Қазірдің өзінде Жер шарының 180 елінен 4 млн адам Айдан жер телімдерін сатып алып үлгеріпті. Айдан жер иеленгендердің арасында АҚШ экс-президенттері Джимми Картер, Рональд Рейган, Джордж Буш, 1753 ірі трансконтиненталдық корпорация басшылары, НАСА-ның 40 астронавты, 25 еуропалық, ресейлік ғарышкер, 500 әлемдік кино, музыка, спорт жұлдыздары, атап айтқанда, Джордж Лукас, Мик Джеггер, Патрик Стюарт, Джон Траволта, Том Круз, Николь Кидман, Клинт Иствуд, Арнольд Шварценнегер, Деннис Хоппер, Рональдо тағы басқалар бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста