Ай мен айдың арасы

Кейде қариялардың күнтізбеге қарамай-ақ, аспандағы айға қарап айдың қай мезгілі екенін өздерінше болжайтынын байқаймыз. Айға қарап уақытты анықтау тәсілдерін қалай білуге болады.Сержан ЖҰМАБЕКҰЛЫ, ШҚО, Тарбағатай ауданы

Қазақ халқының өмірі, тұрмыс-тіршілігі табиғатпен біте қайнасып жатқан. Ата-бабаларымыз күн мен айдың қозғалысын және көптеген жұлдыздардың туатын, бататын кездерін, көрінетін орындарын жақсы білген. Ерте замандарда аспан әлемін зерттеп, бақылап жүретін білімді адамдарды жұлдызшылар немесе есепшілер деп атаған.

Ескі ай бітіп, жаңа ай тумай тұрған уақытты өліара деп атайды. Одан кейін жіңішке болып айдың орақ сияқты қиығы көріне бастайды. Бұл — жаңа ай туғандығының белгісі. Есепшілер өліарадағы ауа райына және айдың қалай туғанына қарап алдағы күндердің ауа райын да болжап отырған. Келесі күндері айдың қиығы күн санап қалыңдап өсе береді. Жетi күнде айдың дөңес жағы оңға қараған жарты дөңгелек болады. Бұл — айдың бірінші ширегі. Тағы жеті күннен кейін, яғни он төрт күнде ай толық дөңгелек қалпына келеді. Толық айды – «айдың он төрті» дейді. «Он төртінде толған айдай» деген теңеу осыған байланысты айтылған. Бұдан әрі толық ай оң жақ шетінен бастап кеми бастайды. Жеті күн өткенде оның тек сол жақ жартысы ғана қалады. Бұл — ақырғы, төртінші ширегі. Осылайша кеми береді де ақыры таусылады. Ғылымда айдың әртүрлі көріністерін айдың өзгеру сатысы деп атайды. Айдың белгілі бір өзгеру сатысынан келесі дәл сондай өзгеру сатысына дейінгі уақытты синодтық ай немесе айлық ай дейді. Бір өліарадан екінші өліараға дейін немесе бір толық айдан екінші толық айға дейін бір синодтық ай өтеді. Оның ұзақтығы 29 орташа тәулік, 12 сағат 44 минут, 2,82 секунд болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста