Адырна деген не?

Адырна деген сөз қандай мағына береді? Ол музыкалық аспап па әлде қару түрі ме?
Дастан Зернебеков,
Қарағанды қаласы
Адырна – қазақтың көп ішекті шерт­пелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Оны көбіне аңшылар ұстаған. Аспап­тың көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Садақтың ағашқа керілген жібін «адырна» деп атайтындықтан,  аспаптың атауы соған ұқсастырыл­ған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып, кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см., қалың­ды­ғы 8-10 см, 7-ден 13-ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. Адырнаның Д. Шоқ­парұлы, А. Құма­ров­тар жасаған бір­неше нұсқасы Алматыдағы Ықылас атындағы қазақ саз аспаптары мұра­жайында сақтау­лы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста