Адвокаттық қызметтің кепілдіктері бар ма?

Адвокаттық қызметтің кепілдіктері бар ма?

Адвокаттық қызмет атқаратын азаматқа қандай кепілдіктер берілген?
Райбек,
Алматы облысы
Адвокаттық қызмет туралы заңның 17-бабында адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi көрсетілген. Мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарының адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға тiкелей немесе жанама түрде кедергi жасауға құқығы жоқ. Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған адаммен теңдестiруге тыйым салынады. Адвокаттан өз кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты оған мәлiм болған мән-жайлар туралы куәгер ретiнде жауап алуға тыйым салынады. Адвокаттардан, адвокаттар алқасы төралқасының, заң кон­сультацияларының, адвокаттық кеңселердiң басшылары мен қызметкерлерiнен, заңмен белгiленген жағдайларды қоспа­ғанда, белгiлi бiр адамға заң көмегiн көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәлiметтер берудi талап етуге тыйым салынады. Адвокаттық iс жүргiзу және адвокаттың соған байланысты өзге де материалдары мен құжаттары, заң актiлерiнде тiкелей көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексерiске жатпайды. Адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады. Мемлекеттiк қызметшiлер мен мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он күн мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша жауап беруге мiндеттi. Адвокаттардың қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста