Осы адвокат кімдерге, қандай тұлғаларға, нендей жағдайларда тегін заң көмегін көрсетеді?
Баян, Талғар қаласы
ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 6-бабында тегін заң көмегін көрсету жайы қарастырылған. Соған сәйкес адвокаттар мыналарға: 1) асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға; 2) егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге; 3) алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
Адвокат кімдерге тегін заң көмегін жасай алады?
Последние статьи автора