Әдемі гол соққандарға арналған Пушкаш сыйлығы
ФИФА-ның әдемі гол соққандарға берілетін Ференц Пушкаш атындағы арнайы сыйлығының жеңімпазы әлі анықталған жоқ па? Биыл бұл сыйлық қай футболшыға беріледі екен?
Ерқанат МАҚАЖАНОВ, Қарағанды облысы
2009 жылдан бері ФИФА Венгрия құрамасының аты аңызға айналған капитаны Ференц Пушкаш атындағы арнайы сыйлық тағайындаған. Бұл сыйлық жылдың ең әдемі голын соққан футболшыға беріледі. Алғаш мәртебелі сыйлық «Манчестер» мен «Порту» арасындағы кездесудегі голы үшін Криштиану Роналдуға берілген болатын. Одан кейінгі жылы түрік Хамит Алтынтоптың Астанада Қазақстан құрамасының қақпашысы Сидельниковке соққан голы теңдессіз деп танылды. Кейінгі екі жылда бұл сыйлық Неймар мен Мирослов Стохқа бұйырды.
Ал биылғы бесінші әдемі голға 10 үміткер ұсынылды:
Питер Анкерсен – 10 тамыз 2013, «Эсбьерг» – «Аархус» (Дания)
Лиза Де Ванна – 1 маусым 2013, «Скай Блю» – «Бостона Брейкерс» (АҚШ)
Антонио Ди Натале – 7 сәуір 2013, «Удинезе» – «Кьево» (Италия)
Златан Ибраһимович – 13 қараша 2012, Швеция – Англия құрамалары (жолдастық кездесу);
Панайотис Коне – 16 қаңтар 2012, «Наполи» – «Болонья» (Италия);
Даниэль Лудуэнья – 27 шілде 2013, «Пачука» – «Тигрес» (Мексика);
Неманья Матич – 13 қаңтар 2013, «Бенфика» – «Порту» (Португалия);
Луиза Несиб – 17 наурыз 2013, «Лион» – «Сент-Этьен» (Франция);
Неймар – 15 маусым 2013, Бразилия – Жапония (Конфедерация кубогы);
Хуан Мануэль Оливера – 28 тамыз 2013, «Наутико» – «Спорт Ресифи» (Латын Америкасы кубогы).