Cіз өміріңізде неше рет ғашық болдыңыз? Ғалымдар үш рет ғашық болуға міндеттісіз дейді. Әр махаббат өзі келіп, сіздің өміріңізде ізін қалдырып кететінге ұқсайды. Әрі ол сізге тәуелді емес…
Алғашқы махаббат…
Адам алғаш рет жасөспірім шағында махаббатпен қауышады. Әдетте жоғары сынып оқып жүрген кездерінде. Бұл сезім біздің өмірімізге өзгеріс алып келіп, өзімізді қалыптастыруға көмектеседі. Жүрегіңнің алабұртқанынан өзіңді ертегі әлемнің кейіпкері сезінесің. Алғашқы махаббат бізге қоршаған ортадан алғымыз келетіннің барлығын беріп, қанағаттандыра алады. Әрі ол кез бітпейтіндей көрінеді. Ол махаббат баянсыз болса да, өзге сезімнің келуі мүмкін еместей қорқамыз…
Екінші махаббат…
Келесі махаббат, бұл ең қиыны. Ол бізге сабақ болады және қарым-қатынастың сүйіспеншілігін сездіреді. Әрі дәл осы махаббат бізге ауыр жара салып кетеді. Алдау… өтірік айту… жаралау… Осы махаббатта біз бұрынғыны қайталамауға тырысамыз. Бірақ олай болмай шығады. Бұл махаббаттың қолынан жібергіміз келмей, ұстап қалу үшін бәрін де істейміз. Бірақ бұл махаббаттан да қол үзуге тура келеді. Осы кезден бастап біз қарым-қатынастан өзімізге не керек екенін түсіне бастаймыз.
Себебі барлық мәселе алғашқысында! Әр оқиғада біз нәтижесін басқаша күтіп, бұрын жіберген қателіктерді жібере береміз, жібере береміз… Өкінішке орай, келесілері тіпті ауыр аяқталады. Бұл махаббаттан жүйкеге де салмақ түседі. Осы бір сезім қайталана беретін драмаға айналып кетеді. Ал ол драма бізді одан бас тартуға итермелейді. Осы сәттен бастап біз мәңгілік махаббаттан үміттене бастаймыз.
Үшінші махаббат…
Үшінші ғашықтық ойламаған жерден пайда болады. Ол біздің сана сезіміміздегі махаббат туралы түсінікті бұзады. Тіпті оның тұлғасы сіздің ойыңызға қарама-қайшы болуы да мүмкін.
Бұл махаббаттың біздің жүрегімізге орнауы тіпті жеңіл болады. Біз оны байқамай да қалуымыз мүмкін. Осы кезде сіз тұрақты қарым-қатынасқа дайын болмай шығасыз, бірақ ол сізді аяғыңыздан тік тұрғызады.
Үшінші махаббаттың бейнесі ғана идеал болып табылатын болады. Ол қарапайым және сізден ештеңе сұрамайтын махаббат. Осы қатынастан ғана бақытты өміріміз құрылады.
Үшінші махаббаттың бейнесі ғана идеал болып табылатын болады. Ол қарапайым және сізден ештеңе сұрамайтын махаббат. Осы қатынастан ғана бақытты өміріміз құрылады.