Қандай жағдайда егіз табуға болады? Ол үшін менің күйеуімнің тұқымында егіз болуы шарт па, әлде ол әйелдің тегіне байланысты дүние ме? Жалпы, егіз қалай пайда болады?
Құралай Жанайдарова, Алматы қаласы
Егіз балалы болу, ең бірінші, әйелдің бір мезгілде бірнеше ұрықты сіңіру мүмкіндігіне тікелей байланысты. Екі жұмыртқадан пайда болатын дизиготалы егіздер тұқым қуалайтын болса, бір жұмыртқадан пайда болатын монозиготалы егіздердің тұқым қуалау оқиғасы осы күнге дейін әлі тіркелмеген. Сондай-ақ дизиготалы егіздердің пайда болуына ықпал ететін екінші бір жағдай әйелдің бедеуліктен емделуі болса керек. Яғни емделу барысында әйел қолданған дәрілер оның жұмыртқа жасушаларының көп бөлінуіне әсер етіп, нәтижесінде бір мезгілде бірнеше ұрықты қабылдап алуы мүмкін. Бір-бірінен айнымайтын монозиготалы, яғни бір ғана ұрықтың екіге жарылып, екі бірдей тіршілік иелерінің пайда болуына не әсер ететіні – әлі күнге нақты жауабын таппай келе жатқан сұрақ. Дизиготалы егіздердің жиі ұшырасуы көбіне анасының ұлты мен жасына да қарайтынға ұқсайды. Егіздердің осы түрі қара нәсілділер арасында жиі ұшырасса, ең сирек ұшырасатыны азиялық әйелдерде екен. Бұл ұлтына, нәсіліне қарай болса, жасына қарай егіздер 35-39 жастағы аналардан көп туылады екен. Себебі дәл осы жаста әйелдің бойындағы гормондары нағыз күшіне мінетінін ғалымдар дәлелдеп шыққан.
Адам айырғысыз егіздер тұқым қуаламайды
Последние статьи автора