Адам айырғысыз егіздер тұқым қуаламайды

Адам айырғысыз егіздер тұқым қуаламайды

Қандай жағдайда егіз табуға болады? Ол үшін менің күйеуімнің тұқымында егіз болуы шарт па, әлде ол әйелдің тегіне байланысты дүние ме? Жалпы, егіз қалай пайда болады?
Құралай Жанайдарова,
Алматы қаласы
Егіз балалы болу, ең бірінші, әйелдің бір мезгілде бірнеше ұрықты сіңіру мүмкіндігіне тікелей байланысты. Екі жұмыртқадан пайда болатын дизиго­талы егіздер тұқым қуалайтын болса, бір жұмыртқадан пайда болатын монозиготалы егіздердің тұқым қуалау оқиғасы осы күнге дейін әлі тіркел­меген. Сондай-ақ дизиготалы егіз­дердің пайда болуына ықпал ететін екінші бір жағдай әйелдің бедеулік­тен емделуі болса керек. Яғни емделу барысында әйел қолданған дәрілер оның жұмыртқа жасушаларының көп бөлінуіне әсер етіп, нәтижесінде бір мезгілде бірнеше ұрықты қабылдап алуы мүмкін. Бір-бірінен айнымайтын  монозиготалы, яғни бір ғана ұрықтың екіге жарылып, екі бірдей тіршілік иелерінің пайда болуына не әсер ететіні – әлі күнге нақты жауабын таппай келе жатқан сұрақ. Дизиготалы егіздердің жиі ұшырасуы көбіне анасының ұлты мен жасына да қарай­тынға ұқсайды. Егіздердің осы түрі қара нәсілділер арасында жиі ұшы­рас­са, ең сирек ұшырасатыны азиялық әйелдерде екен. Бұл ұлтына, нәсіліне қарай болса, жасына қарай егіздер 35-39 жастағы аналардан көп туыла­ды екен. Себебі дәл осы жаста әйелдің бойындағы гормондары нағыз күшіне мінетінін ғалымдар дәлелдеп шық­қан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста