Абылай соғыс техникасын жетік меңгерген ұлы қолбасшы ғана емес, шебер күйші де болған, әр жорығына арнайы күй шығарған деседі. Ал сол күйлері бүгінге жеткен бе?
Бекзат ТӨРЕГЕЛДИЕВ, Қапшағай қаласы
Шынымен де, Абылайдың сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, жау қашырған батыр екенін білгенімен, оның дарынды күйші болғанын біреу біліп, біреу білмейді. Абылайдың бізге жеткен «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлаң жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Майда жел», «Шаңды жорық» сияқты басқа да бірқатар күйлері бар. Негізі, Абылайдың ерлігін, кісілігін, биіктігін күйлерінің атауынан-ақ байқауға болады. Формасы, болмысы жағынан Абылай ханның күйлері – өте бірегей, ерекше деммен, ырғақпен орындалатын дүниелер. Күйлері де авторы сияқты ешкімге ұқсамайтын, дара болып келеді. Шығармаларынан Абылайдың ішкі толғаныстарын, сезімдерін, болмысын аңғаруға болады.
Абылай күйлері бізге жеткен бе?
Последние статьи автора