«Абайдың әншісі» кім?

«Абайдың әншісі» кім?

Абайдың әнге әуес, күйге құмар болғанын білеміз. Бірақ «Абайдың әншісі» атанып кеткен Әлмағамбет туралы дерегіміз аз. Әнші туралы жазсаңыздар екен.
Халима БЕКЕНҚЫЗЫ,
Теміртау қаласы
Әлмағамбет Қапсәләмұлы (1870-1932) өзі ән шығармаған, Абай әндерін насихаттауда елеулі үлес қосқан. Ақылбайға қолқалап ән шығартып, Тұрағұлдың қайын жұрты Матай жерінде орындаған-ды. Ел аузындағы естеліктерге жүгінсек, Әлмағамбет тобықты ішінде тоғалақ деген атадан. Әлмағамбеттің үш ұлының бірі – Шәбден әкесінің өнерін ұстаған өнерпаз, кейіннен құймақұлақ шежіре адам болған. Әлмағамбеттің қасиетті домбырасы осы Шәбден ақсақалдың тапсыруымен Абай мұражайынан құнды жәдігер болып орын алды. Сол Шәбден ақсақалдың айтуынша, малдың бабын білген Әлмағамбеттің әкесі Қапсәләмді Абай жылқы бағуға әдейі алдырып, тағдырдың жазуымен Әлмағамбет Абайдың тәрбиесін көріп өседі. «Абай өз балалары Мағауия, Тұрағұлмен бірге Әлмағамбетті де үш қыс Семейде орыс музыкантына беріп үйреткен», – деп жазады Шәбден Әлмағамбетұлы. Әлмағамбет әнші ғана емес, бірнеше музыкалық аспаптарда ойнаған шебер күйші болған. «Дунайская волна», «Лезгинка», «Возвратное время», «Банкрот», «Полька», «Птичий марш», «Криковяк» деген басқа халықтың ән мұралары Әлмағамбет арқылы елге тараған. Қазақ зиялылары Нұрғали және Нәзипа Құлжановалармен жақын араласып, Абай есімін халыққа таныстыруда бірлесе жұмыс істеді. Төңкерістен кейін Семей қаласында ұйымдасты­рылған қазақ театрының белді бір мүшесі болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста