Елімізде ұлы Абайдың атында тау шыңы бар дейді. Ол қай аймақта?
Жандос ЫСМАЙЫЛОВ, Шығыс Қазақстан облысы
Абай шыңы Іле Алатауының Кіші Алматы өзені аңғары тұсында орналасқан. Алматы қаласының оңтүстігінде. Теңіз деңгейінен 4010 метр биіктіктегі шыңды Медеу мұзайдынынан анық көруге болады. Өркештеніп келген үш басты найзатасы алыстан менмұндалап, ерекше көзге түседі. Кіші Алматы өзені аңғарына тік құлама болып тірелетін шыңға ең алғаш 1932 жылы Г.И.Белоглазов бастаған альпинистер тобы көтерілген. Шыңға ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының есімін берген де – осы спортшылар.