Абай неге Көкбай болып шықты?

Абай неге Көкбай болып шықты?

Алғашқы өлеңдерін Абай өз атынан емес, неге досы Көк­бай­дың атынан жазған?
Сара,
Алматы қаласы
Бұл сұраққа Абай мұражайы­ның директоры, көкбайтанушы Ж.Әубә­кір былайша жауап бере­ді:
– М.Әуезовтің өзі Көкбайдың ақындығы туралы сөз қозғағанда: «Ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып­сал­ма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол та­лан­тын бағалап, Абай мұны өзі жазып жүрген алғашқы өлең­деріне ие ғып шығарады», – дей­ді. Ал Көкбай өз естелігінде: «1880 жылдан бастап 1886 жылдарға дейін Абай әрбір өлеңді жазып жүрді. Бірақ бұл уақытта сөздерінің барлығын «Көкбай сөздері» деп жүргізді. Осы хал 1886 жылға ше­йін келді де, сол жылдың жазында ел жай­лауға шықты. Абай қонып жатқан ауылды көріп, «осы суретті өлең қыл» де­ді. Мен біраз өлең қылып едім, жақ­тырмады да, өзі жаз­бақшы болды. Сонымен үй ті­гі­ліп болып, бәріміз жай­ланған соң, Абайға келіп едім: «Өлең Көкшенің бо­йынан аса­йын деді ғой», – деді. Мен: «Асса, басында мен қолқалап алған нәрсе емес еді. Енді өзіңіз ретін тауып қайта алар­сыз», – деп қалжыңдадым. Сөйт­­­сем, сол күні «Жаздыгүн шілде болғанданы» жазған екен. Оқып берді. Өзі жазған сөзіне ең алғаш рет аз да болса қанағат қылғанын көр­генім – осы. Менің қал­жы­ңы­ма орай қылып: «Сен со­ғы­мыңа бір ту бие ал, ал мен ен­ді өлеңімді өзім ала­йын», –  дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста