Мен оқу бітірген соң осы уақытқа дейін алты ай алдымен «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша, содан соң қоғамдық жұмыста тәжірибеден өттім.
Марат Есіргепов, Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшы мамандарының мәліметіне қарағанда, жалпы, еңбек заңнамасының талабы бойынша, егер жұмыс беруші жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарып, қызметкермен еңбек шартын жасаса, жұмыс беруші жұмыскердің еңбек кітапшасына тиісті жазбалар енгізуге міндетті. Еңбек кітапшасына енгізілетін жазбалар бойынша еңбек өтілі есептеледі. Сондықтан егер сіз жұмыс берушімен еңбек келісімшартын жасасқан болсаңыз, сізді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарылған болса, онда еңбек өтіліңізді еңбек кітапшасына жаздыруға құқылысыз.