Жаңа 2020 жыл тек сәттілік пен бақыт әкелсін десеңіз, 31 желтоқсанда не істеуге болмайтынын біліп алғаныңыз жөн.
Жаңа жылмен байланысты ырым-тыйымдар, наным-сенімдер көп-ақ. Солардың бірсыпырасын еске түсіруді жөн көрдік.
Сонымен, 31 желтоқсан күні не істеуге болмайды?
*Жақындарыңызбен сөзге келіп қалмаңыз. Әйтпесе келесі жылы өміріңізде ұрыс-керіс, кикілжің көп болуы мүмкін.
*Кешкі сағат 18:00-ден кейін қоқыс шығармаған абзал. Себебі қоқыспен бірге үйден сәттілік те кетеді деген наным бар.
*Бұл күні ешкімге қарыз бермеңіз. Тіпті, ең жақын адамдардың өзіне.
*Тышқан жылын лас, жиналмаған үйде қарсы алу – жамандықтың белгісі. Себебі жаңа жылда сіздің де өміріңіздің астаң-кестеңі шығып, сәтсіздікке ұрыну қаупі бар. Сондықтан Жаңа жыл қарсаңында үйді тап-тұйнақтай жинап, жуып-тазалаған жөн. Бірақ мұны 31 желтоқсанда емес, оның алдында жасау керек.
*Жаңа жылды жалғыз қарсы алу түрлі қиындықтар мен күтпеген шығындарға әкеп соғуы мүмкін.
*Жаңа жыл түні шаш қиып, тырнақ алмаған дұрыс. Үсті-басыңызды қараңғы түспей ретке келтіріп, сәнденіп алыңыз.
Киіміңіздің түймесі үзілсе, ине мен жіп алып, қадауға асықпаңыз. Әйтпесе, осы жылдың проблемалары сізбен бірге жаңа жылға да "еріп барады".
*Мерекелік дастарқанға ескі киіммен емес, тек жаңа киіммен отыруға кеңес береміз.
*Жаңа жылды тек қыз-келіншектермен қарсы алу жаман ырым саналады.
*2020 жылы жақындарыңызға тірі мысық немесе мысық бейнеленген картиналар, мүсіндер мен жұмсақ ойыншықтар беруге болмайды. Себебі бұл сүйкімді үй жануары – тышқанның қас дұшпаны.