2016 жылдың қараша айына арналған жұлдыз жорамал

2016 жылдың қараша айына арналған жұлдыз жорамал қызмет саласында орын алар түрлі өзгерістерден хабар береді. Бір орында тұрмайтын, алға ұмтылатын адамдарды сәттілік күтуде. Басшыңыз қарсы тұруға шамаңыз жетпейтін өз ережелерін бекітетін болады. Жұлдыздар ірі кәсіпорындарға қаржы салуға кеңес береді. Ай соңында жеке өміріңізде өзгерістерді күткейсіз. Stan.kz 2016 жылдың қараша айына арналған жұлдыз жорамал ұсынады.

Тоқты. Қараша айына арналған жұлдыз жорамал Тоқтылар өмірінің барлық саласында табыс күтілетінін айтады. Сіздің әр істе жолыңыз болып, өз бақытыңызға өзіңіз сене алмайтындай халде боласыз. Бірақ табысты үркітіп, алыстатып жіберер бір дүние бар. Тоқтыларға бұл айда көңілшектікті қойып, алды-артын ойлау қажет. Эмоцияға берілмес үшін, әр затқа шынайы көзбен қарай біліңіз. Қаржы мәселесіне келгенде, Тоқтыларды барлығы тұрақты болмақ. Үлкен шығындар күтілмейді, бурақ отбасыңыз үшін біраз шығындалу қажеттілігі туындайды.
Қараша айында еркіндікті, көңіл көтеруді қалайсыз. Ол сүйіктіңіз екеуіңіз әуестенетіг қызықты хоббиіңіз болуы мүмкін. Көптеген тұрмыстық шаруалар Тоқтыларды тығырыққа тірейді. Бірақ оларды тез арада шешу керектігін ұмытпағайсыз. Сонымен қатар бұл айда қалауыңыз бен мүмкіндігіңізге бағынбайтын кей дүниелерге төзімділік танытуыңызға тура келеді. Тоқтылардың кейбірі бұрынғы ғашығын ұшырастырса, кейбір қайтадан ғашықтық сезімін бастан кешеді. Егер Тоқтылар отбасында жасөспірім балалар болса, олармен көбірек сөйлескен жөн.
Күздің қара суығында суық тигізіп алуыңыз да мүмкін. Егер уақытылы ем қабылдамасаңыз, дертіңіз асқынуы ғажап емес. Қарт адамдар бұрынғы жарақаттарына көңіл бөліп, алдын-алу шараларын жүргізуі тиіс. Жұлдыздар тамағыңыз бен бронхыңызды қорғауға кеңес береді. Тұмаудан кейін бұлшық ет невралгиясы, баспа және өкпе аурулары меңдеуі мүмкін.
Жағымды күндер – 2, 7, 9, 15, 17, 22 және 30
Жағымсыз күндер – 1, 10, 12, 18, 24 және 28

Торпақ. 2016 жылдың қараша айында Торпақтардың зерікпесі анық. Оларды көп жұмыс, жеке кәсіп бойынша серіктестермен кездесу, қызықты жобалар күтуде. Кейбірі жеке кәсіппен айналысып, ал кейбірі жылжымайтын мүлік бойынша компания ашқысы келеді. Ең бастысы Торпақтар тынығу мен денсаулық туралы ұмытпауы керек. Әйтпесе 2016 жылдың соңына қарай шаршаңқы, ызақор болып кетуіңіз мүмкін. Күйзелісті жеңуге жақын туыстары мен балалары көмектеседі. Егер олармен бірге көп уақыт өткізсеңіз, шаршаңқылығыңыз бен күйзелістің ізі де қалмайды. Ал махаббат мәселесіне келер болсақ, бұрыннан бері екінші жартысын іздеген жандардың жолы болмақ.
2016 жылдың қараша айына арналған жұлдыз-жорамал қызмет саласына қатысты дүниенің бәрінде тәртіпті болуға кеңес береді. Егер жұмысыңызға шығармашылық тұрғыда қарағыңыз келсе, алдымен басшылықпен кеңесіп алғаныңыз жөн. Әйтпесе Торпақтардың жаңащыл ойларын әріптестері дұрыс түсінбей, қабылдай алмауы ықтимал. Десе де бұл айда қалтаңыз ақшаға толады. Егер қосымша кәсібіңіз болса, қаржы ахуалын ретке келтіре аласыз. «Адамгершілік», «қайырымдылық» сынды ізгі қасиеттерді ұмытпағайсыз. Әріптестеріңізбен, достарыңызбен араласқан кезде аталған қасиеттердің ауадай қажеттігін сезінесіз.
Торпақтар үшін қараша айы жарақаттану қаупі төнетін кезең болуы мүмкін. Жолда және көлік айдағанда айрықшс сақтық танытыңыз. Сонымен қатар тұмауратып қалмас үшін жылырақ киініңіз. Керісінше жағдайда баспа немесе бронх қабынуымен ауруханадан бірақ шығуыңыз ғажап емес. Жұлдыздар бел жеп, жылы сүт ішіп, үйде тынығуға кеңес береді.
Жағымды күндер – 6, 9, 11, 15, 17 және 30
Жағымсыз күндер – 10, 12, 18, 23, 24

Егіздер. Егіздер қараша айында өткен айда атқарып үлгермеген шаруаларымен әуре-сарсаңға түседі. Қорқатын түгі жоқ, себебі болашақ еңбек қызметіңіз бұл шаруаларды қалай атқарғаныңызға байланысты. Әсіресе, бұл қызметінде жоғарылауды күтіп жүрген Егіздерге қатысты. Қараша айында айналаңыздағылардың барлығы табандылығыңыз бен күш-қуатыңызға таңданатын болады. 2016 жылдың қараша айына арналған жұлдыз жорамал организміңізге салмақ түсірмеуіңізге кеңес береді. Әйтпесе ай соңында күш-қуатыңыз таусылғанын сезініп, ашуға тез берілетін боласыз. Басқарма алдыңызға қойған міндеттерді асқан тиянақтылықпен атқаруға тырысыңыз. Егер Егіздер әлденені қалт жіберіп алса, оның ауыртпашылығын алдағы күндері көреді. Сақтық пен әр ісін жоспарлау – қараша айындағы басты міндет.
Ештеңені мүлт жіберіп алмас үшін, қойын дәптеріңізге атқарылуы тиіс шаруалар тізімін жазып жүріңіз. Оған қоса отбасыңызға көңіл бөлуге уақыт табыңыз. Егер қараша айында үйден еңбек етуді ұйғарсаңыз, тіпті жақсы. Егіздерге қаржы ахуалын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін, келешегі зор ұсыныс түседі. Үй шаруасында және жұмысыңызды шаншитын заттардан сақтаныңыз. Сіз үшін қараша айы – жарақаттану қаупі төнетін кезең.
Қараша айында ауа райының бұзылуы, жауын-шашын Егіздердің көңіл-күйін түсіре алмайды. Сіз өзіңізді айрықша сергек, белсенді сезінетін боласыз. Бірақ, кофені сүйіп ішетін егіздер қараша айында бұл сусынның мөлшерін азайтқаны жөн. Керісінше жағдайда қан қысымыңыз көтеріліп, жүрек қызметінде ақау пайда болады. Жұлдыздар арқа, буын, аяғыңыздың жағдайына көңіл бөлуге кеңес береді. Ертерек ұйқыға жатып, көп қозғалып, жиі таза ауамен демалыңыз. Бұлар Егіздер үшін қараша айында ескерілуі тиіс құнды кеңестер.
Жағымды күндер – 2 , 7, 9 , 13, 22 және 30
Жағымсыз күндер – 4, 5, 8, 12, 27, 28 және 31

Шаян. 2016 жылдың қараша айында Шаяндар өздерін батыр сезінеді. Айтпақшы, жаңа костюм мен галстук сатып алуды ұмытпаңыз. Себебі сізді жақсы қызмет күтуде. Қаржы ахуалы реттеліп, Шаяндар мен олардың отбасы қуанышқа кенеледі. Қараша айында Шаяндардың көпшілігі жаңа мамандық меңгеріп, ұзақ уақыт бойы қызыққан мамандығымен айналысады. Сонымен қатар өмір жолында жүрегінің жартысын тауып, шынайы ғашық болады. Егер жүрегіңіз махаббат үшін ашық болса, бұл сәтті жіберіп алмаңыз. Отбасылы Шаяндар жұбайына бұрынғыдан да артығырақ көңіл бөлуі қажет. Қараша айына арналған жұлдыз-жорамал үйіңізде тыныштық пен береке орнайтынын айтады. Бұл отбасын бағалай білетін Егіздер үшін маңызды уақыт.
Десе де қараша айында көп еңбек етуге мәжбүр боласыз. Достарыңыз бен сауық-сайранды кеңсеге, әріптестер мен маңызды істерге алмастыруыңызға тура келеді. Бірақ ол отбасы, туыстарыңызбен арадағы қатынасыңызға нұқсан келтіруі мүмкін. Балалар өздеріне көп назар аударуыңызды талап етеді. Алайда Шаяндар жақсы көретін жандарына қамқорлық көрсеткенді ұнатады.
Қараша айында Шаяндарда денсаулығына байланысты қиындықтар орын алмайды. Бастысы жылы киініп, аяғыңызға суық тигізіп алмаңыз. Жұлдыздар халық емімен емделуге кеңес береді. Бал, шөп шайлары, сүт пен сарымсақ – Шаяндарға суық тию мен тұмаудан арылуға, иммунитетті нығайтуға көмектесетін тамаша құралдар. Сонымен қатар сауна, монша, бассейнге жиі барып тұрыңыз.
Жағымды күндер – 6, 7, 9, 15, 20 және 26
Жағымсыз күндер – 1, 10, 12, 18, 24 және 31

Арыстан. Қараша айында арыстандар қызметінде де, жеке өмірінде де көп нәрсенің нүктесін қояды. Сізге болашақтағы мансабыңызға ықпалын тигізетін көп іс тындыру қажет. Қаржы жағдайы да қуанта қоймайды, бірақ дағдарыстан шығу қолыңыздан келеді. Арыстандарға үй шаруасымен, үй жинаумен және жөндеу жұмыстарын жүргізумен, пәтер жоспарын өзгертумен айналысқан жөн. Қараша айында көптен көрмеген адамдардың көмегіне ие боласыз. Олармен араласуыңыз санаңызда тамаша ойлардың тууына сеп болып, келесі айда ойларыңыздың жемісін көресіз. Оған қоса жұлдыздар өмір жолыңызда кездескен кез-келген мүмкіндікті жіберіп алмауға, ұстап қалуға кеңес береді. Әсіресе, олар жеке кәсіпке, іскерлік қатынасқа, қаржыға қатысты болса.
Арыстандар өздерін басшылық пен әріптестеріне жақсы қырынан көрсете алады. Егер қараша айында өзіңізге сенімді болсаңыз, бұрын сіздің қабілетіңізге күмәнданған адамдардың бәріне көзқарасыңыздың дұрысытығын дәлелдеуге күш салыңыз. Бірақ оны сыпайы түрде, сақтықпен жасағаныңыз абзал. Қараша айында әр сөзіңіз бен ісіңізді бақылауда ұстаңыз. Әйтпесе басыңыз дау-дамайға қалуы мүмкін. Егер тамақтануыңызға, күнделікті жаттығу жасауға мән беріп, аз уайымдайтын болсаңыз, денсаулығыңыз мықты болмақ.
Қараша айында темір тұлпар тізгіндегенде сақтық танытыңыз. Ескі ауруларыңыз алаңдатуы мүмкін. Асқазан, бауыр, ішек жолдары жағдайына көңіл бөліңіз. Сонымен қатар жүйке жүйеңізді сақтаңыз. Әйтпесе күйзеліс тырнағына ілігуіңіз ықтимал.
Жағымды күндер – 6, 7, 9, 11, 15, 22 және 30
Жағымсыз күндер – 4, 5, 9, 14, 15, 23, 24, 27

Бикеш. Қараша айында жарқын таныстықтар мен іскерлік кездесулерден Бикештердің басы айналады. Бұл ай – қарым-қатынас, кездесу үшін жемісті кезең. Қызмет саласында, жеке өміріңізде өзгерістер күтілуде. Егер Бикештер аталған өзгерістерге рухани тұрғыдан алдын-ала даяр болса, барлығын ақылмен қабылдайды. Өзге адамдарға да көз салып, жаңа таныстар тапқайсыз. Әйтпесе психологиялық тәуелділікке ұшырауыңыз мүмкін. Қараша айы – жағымды, жағымсыз тосын сыйларға толы. Егер Бикештер өзіне және ұстанатын қағидаларына бекем, сенімді болса, тура жолдан ештеңе де тайдыра алмайды. Жұлдыздар өткеніңізге көз салуға кеңес береді. Бәлкім әлдебір шаруаны немесе әлдекімді кешіруді ұмытқан боларсыз? Қараша айында сіз үшін ұсақ-түйек болып көрінген дүниенің бәрі маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Бикештерге жеке кәсіпті қолға алуды ойластыру керек. Материалдық жағдайыңыз дәл осы мәселеге байланысты. Ағаттықтарыңыз үшін өзіңізді жегідей жеудің қажеті жоқ, себебі қателіксіз діттеген мақсатқа жету мүмкін емес. Бұл айда ойыңызды жинастыру қиынға түспек. Бірақ оған күш салмасаңыз, бұрын жіберген ағаттықты қайталауыңыз мүмкін. Ал жеке өміріңізде жағымды өзгерістер күтілуде. Мәселе шынайы махаббатқа тірелгенде, өзгерістердің бәрін дұрыс қабылдай білгейсіз.
Бұл айда Бикештер бассейн не жаттығу залына жазылып қойса, денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді. Арқа, бұлшық ет, сүйектеріңізді нығайтыңыз. Жұлдыздар денеге күш түсуінен сақтануға кеңес береді. Сүзбе, ет пен сүтті жиі тұтыныңыз.
Жағымды күндер – 3, 7, 9, 15, 17 және 30
Жағымсыз күндер – 4, 10, 12, 16, 18 және 24

Таразы. Таразылардың қараша айында қызмет мәселелерінен гөрі, психологиялық мәселелер төңірегінде бас қатыруына тура келеді. Соңғы уақыттарды қарым-қатынастарыңызға сызат түскен адамдармен қатынасыңызды реттеуге тырысыңыз. Егер Таразылар өтірік пен екіжүзділіктен аулақ болса, көп нәрсеге қол жеткізе алады. Айтпақшы, бұл айда жақын адамыңыздың тарапынан сатқындыққа ұшырауыңыз мүмкін. Барлығын жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз, себебі ай соңында бәрі де қалпына келеді. Күрделі шешім шығарудан бас тартыңыз. Себебі үлкен қателік жіберуіңіз мүмкін. Бұл айда құпияларыңыз, бұрын жіберген қателіктеріңіз айналаңыздағыларға мәлім болуы ықтимал.
Жұлдыздар беделді адаммен танысатыныңызды айтады. Ол адам тек қаржылай көмек көрсетіп қоймай, даналыққа толы кеңестер береді. Бірақ Таразылар тек ішкі түйсігіне сенгені жөн. Қараша айында бұрынғы қарызыңызды қайтаруға дайын болыңыз. Материалдық тұрғыда бұл ай біраз қиналтады. Бірақ сіз жолыңыздағы кедергілерді еңсере аласыз.
Қараша айына арналған жұлдыз-жорамал созылмалы ауруларыңыздың асқынуы мүмкін екендігін ескертеді. Қан тамырлар жүйесі, жүрегіңізге көңіл бөліңіз. Сырқаттанған жағдайда бірден дәрігерге көрінгеніңіз дұрыс. Сонымен қатар тамақтану, тынығу тәртібін сақтаңыз.
Жағымды күндер – 3, 6, 9, 15, 20 және 30
Жағымсыз күндер – 8, 10, 12, 18, 21 және 25

Сарышаян. Қараша айында Сарышаяндар білім алу, қаржы және кәсіби жетістік мәселелері жөнінде бас қатырады. Бұл айда асықпай, аяңдап аяқ басуыңыз себепті ойға алған жоспарарыңыздың бәрі ретімен жүзеге асады. Ай басында Сарышаяндар белсенділік танытып, барлық салада көшбасшы болуға тырысады. Ал махаббат мәселесінде қабілетіңіздің бәрін ортақ тіл табысу мен сезіміңізді білдіре білуге бұратын боласыз. Махаббатыңыза байланысты уайымдарыңызды айналаңыздағылардың бәріне жаюдың қажеті жоқ. Бұл мәселеде Сарышаяндарды көпшілігі түсіне бермеуі мүмкін. Бұл айда сезіміңіз бен ақылыңыз қиындықтардан алып шығады. Егер жағымды нәтижелерге қол жеткізгіңіз келсе, барлығын өз бетіңізбен жасаңыз. Сарышаяндарға серіктестерінің көмегінен үміттенудің қажеті шамалы. Олардың көбі екіжүзді, ызақор, пайдақор болып шығуы мүмкін. Қараша айында басыңызға түскен қиын сәттерде өзіңізге өзгелердің көзімен қарауға тырысыңыз. Бәлкім, кей жағдайларды Сарышаяндардың өзі қателік жасаған болар. Ал жақын адамдарыңызбен қатынаста барынша жұмсақ, ұстамды бола біліңіз. Әйтпесе басыңыз дау-дамайға ілігуі мүмкін.
Жұлдыздар тағамдық, химиялық уланудан сақтануға кеңес береді. Әйтпесе ауруханаға түсіп, салдары денсаулығыңызға айтарлықтай зақым келтіруі мүмкін. Ай басында Сарышаяндар бойының күш-қуатқа толғанын сезінсе, ай соңында күші сарқыла бастайды. Бастысы көңіл күйіңізді түсірмей, белсенді болыңыз.
Жағымды күндер – 3, 9, 15, 22, 26 және 30
Жағымсыз күндер – 4 , 10 , 12, 19, 28 және 31

Мерген. Қараша айында Мергендерге жолында кездескен қиындықтарды жеңу үшін күш-жігерін жию керек. Жеке кәсібіңізде табысқа жеті үшін, серіктестеріңізбен жақсы қарым-қатынас сақтай біліңіз. Егер ұсақ-түйектерге мән бермесеңіз, үлкен істерді жылдам әрі сапалы атқара аласыз. Қараша айы – көптеген тосын сыйларға толы. Тәжірибелі әріптестеріңіздің кеңестеріне құлақ қойыңыз. Олар қызметіңіздегі күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі. Жұлдыдар отбасыңыз бен достарыңыздың аясында демалуға кеңес береді. Жарқын мінезді адамдар бойыңызды күш-қуатқа толтырады. Қаржы мәселесі қуантай қоймайды. Бірақ еңсеңізді түсірмеңіз. Мергендер бұдан бұрын атқарған жұмысынан ақша алады.
Әріптестеріңізбен араңызда кикілжіңдер болуы мүмкін, бірақ тіл табысып, ортақ мәмілеге келе аласыздар. Қараша айында Мергендер басқа қалаға не табиғат аясына қыдырып барады. Денсаулығыңыз бен психологиялық ахуалыңызды сақтау үшін, айналаңызда болып жатқан жағдайларға мән бермеуге тырысыңыз.
Бұл айда Мергендерге көбірек демалып, спортпен айналысу керек. Ашуланшақ болып кеткеніңізді байқаған боларсыз? Дәл осы себепті жүйке жүйеңізді сақтаңыз. Сонымен қатар қараша айының тұмау мен суық тию айы екенін ұмытпағайсыз.
Жағымды күндер – 4, 7, 15, 19, 23 және 26
Жағымсыз күндер – 1, 5, 12, 18, 24 және 30

Тауешкі. Тауешкілер ішіндегісін жасырын ұстайтын адамдар емес. Бірақ қараша айында болашаққа құрған жоспарларыңызды ешкіммен бөліскіңіз келмейді. Сіз үнемшіл, ұстамды боласыз. Ал бұл қасиеттер маңызды істерді көмектеседі. Қараша айында көп адаммен танысып, аралас-құралас болуға артық уақыт бөлмегеніңіз жөн. Өзіңіз сенетін және жақсы көретін жақын адамдарыңыздың өзі жеткілікті. Бұл айда әріптестеріңізбен дауласқаннан көрі рухани тыныштықты қалайтын боласыз. Егер әлдекім көмек қолын созуыңызды сұраса, бетін қайтармағаныңыз жөн. Бұған дейін көмектескен адамдарға мейірбан, жомарт болыңыз.
Жұлдыздар көп іске өз бетіңізбен араласпауға кеңес береді. Әйтпесе басшыңызды ашуландырып алуыңыз мүмкін. Бәрінен бұрын басшының тапсырмасын жылдам, сапалы орындағаныңыз абзал. Егер санаңызда қызықты ойлар туындаса, дербес әрекет етуге тырысыңыз. Ол үшін қараша айында уақытыңыз, күш-жігеріңіз, қаражатыңыз мол болары анық. Айтпақшы, қаржы мәселесі де көңіліңізді түсірмейді. Бұл айда қалтаңыз біраз қалыңдайды.
Қараша айында Тауешкілерге денсаулығына шағымданудың қажеті жоқ. Кейде шаршағаныңыз себепті басыңыз ауыруы мүмкін. Егер бойыңызда созылмалы дерт болса, қараша айында сыр беруі ықтимал. Жұлдыздар спорттық жаттығулар жасап, бассейнде жүзуге кеңес береді. Иммунитетіңізді нығайты үшін дәрумендер қабылдаңыз.
Жағымды күндер – 7, 9, 15, 22, 26 және 30.
Жағымсыз күндер – 1, 10, 12, 18, 24 және 28

Суқұйғыш. Қараша айында Суқұғыштар айналасындағылармен етене араласады. Ол сізді шаршатпайды, керісінше шабыттандырып, күш-жігер беріп, жаңа ойлар, таныстық пен игі істерге итермелейді. Әрине, адамдармен таныса сала сенімдеріне кіруге тырыспаңыз. Алдымен танысып, білісіп алып, содан кейін ғана достасуыңызға болады. Қараша айында аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне сақтық танытып, өмірге шынайы көзбен қарау керек. Әйтпесе келеңсіз жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Айналаңыздарға табысыңыз жайлы жар сала айтпасаңыз, қаржы мәселесінде барлығы жақсы болады. Жұлдыздар құжаттарға сақ болуыңызды ескертеді. Бастысы түймедейді түйедей етпей, жүйке жүйеңізді сақтаңыз.
Суқұйғыштар кез-келген қиындықтан шығудың амал-тәсілдерін біледі. Бұл айда олар айрықша ерлік танытады. Егер өмір жолында қиындықтар кезіксе, мұңаймаңыз. Әр істе өзіңізге ғана сүйеніп шешім қабылдауға дағдыланыңыз. Өзгерістер мен сынақтардан қорықпаңыз. Олар сізді мықты етіп, ақылыңызға ақыл қосары анық.
Бұл айда көлікпен жүргеніңізден гөрі жаяу жүргеніңіз абзал. Жарақат алу қаупі бар. Сондықтан сақ жүріңіз. Суық тигізіп, тұмауратып қалмас үшін денсаулығыңызға алдын ала мән беріңіз. Жұлдыздар дәрігерге қаралып, организміңізді түгелдей тексертуге кеңес береді.
Жағымды күндер – 5, 9, 13, 22, 26, 27
Жағымсыз күндер – 4, 10, 12, 19, 21, 25

Балықтар. Қараша айында Балықтар өзін жайсыз сезінеді. Мүмкін бұлтты, салқын ауа райының көңіл-күйіңізге ықпалы болар? Балықтар алдағы қысты қорқынышпен күтеді. Жабырқаңқы көңіл-күй өміріңіздің барлық тұсынан көрініс береді. Бұл айда көбірек демалып, достарыңызбен араласқыңыз келеді. Ал жұмыс істеуге құлқыңыз болмасы анық. Бірақ Балықтарын өзін қолына алмаса, кәсіби табысқа жетпейді. Оған қоса қараша айына жоспарлаған істеріңіз де көп. Ұжымдағы ахуал да мәз емес. Сондықтан дау-дамайға араласпай, өз ісіңізді атқарумен болғаныңыз абзал. Жұлдыздар мақсатқа жетер жолда табандылық танытуға кеңес береді. Бәсекелестік оңай болмайды, сондықтан әр істе мұқият болыңыз.
Қараша айында Балықтар ес-түссіз ғашық болуы мүмкін. Бірақ жеке өміріңізде тек сезімді ғана емес, ақылды да басшылыққа қойғаныңыз жөн. Егер отбасыңыз, балаларыңыз болса, олар сізбен бірге көбірек уақыт өткізгісі келетінін естен шығармағайсыз. Сонымен қатар егде жастағы туыстарыңызды да ұмытпаңыз. Шамаңыз келсе, қолын ұшын созыңыз.
Егер салауатты өмір салтын ұстансаңыз, бұл айда денсаулығыңызға төнер еш қауіп жоқ. Десе де буын, сүйек, аяғыңыз бен омыртқаңыздың жағдайына назар аударғаныңыз абзал. Қараша айына арналған жұлдыз жорамал денеңізге күш түсіруден аулақ болып, жиі демалуға кеңес береді.
Жағымды күндер – 6, 7, 15, 23, 26 және 31
Жағымсыз күндер – 5, 10, 12, 18, 21 және 25

Stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста