2 минут ішінде қарынды кетіретін жаттығуды білесіз бе?

Қарындағы майды кетіруге вакуум жаттығулары жақсы көмектеседі. Ал, вакуумның қалай жасалатынын, нәтижесі қалай боларын төменнен оқып біле аласыздар.

Күн сайын "вакуум" жасаудың қандай пайдасы бар? Жалпы "вакуум жаттығуы" деген не?

Бұл қарын бұлшықеттеріне жасалатын жаттығулар.

Бұл жаттығудың жасалуында ешқандай қиындық жоқ. Керісінше өте оңай жаттығу деуге болады.

Вакуум жаттығуларын белгілі спорт шеберлері, фитнесті қолдаушылар өте жақсы көреді. Өйткені бұл жаттығулар қарын бұлшықеттерін тез жиырып, нәтижесін аз күнде байқауға мүмкіндік бар.

Вакуум жасағаннан кейін не болады?

фото: jslim.ru

  • Аталмыш жаттығуды 2 минут жасаған соң денеңіздегі көптеген өзгерістерге көз жеткізесіз. Ең алдымен көлеміңіз кішірейеді. Сырт мүсініңіз тартымды бола түседі.
  • Қарын бұлшықеттері нығаяды.
  • Вакуумның көмегімен ішкі ағзаларға жеңіл массаж жасалады. Соның әсерінен де ағзалардың айналасына жиналатын қауіпті висцералды майлар жойылады.
  • Сондай-ақ, жаттығуды күнделікті жасаған жағдайда тереңде орналасқан қатпарлы майларға дейін әсер етіп, оны жоюға болады екен.
  • Қан айналым жақсарып, зиянды токсиндер сыртқа шығарылады. Осылайша ағзаны тазартасыз.
  • Вакуум жаттығулары қарынның көлемін кішірейтеді. Сондықтан да күнделікті ішіп-жейтін тағамыңызды азайтатыныңыз сөзсіз. Соңында әдемі мүсін мен әсем сымбатқа қол жеткізіп, бақытты жанға айналасыз.

Вакуум жаттығулары

фото: smartprogress.do

Жалпы вакуум жаттығуларын:

  • жатқан қалыпта;
  • төрт тағандап тұрып;
  • отырған қалыпта;
  • тұрған бойда жасауға болады.

Бұлардың ішіндегі ең қиыны тұрған қалыпта жаттығу жасау. Яғни, қарынды ішке қарай тартып, демді шығарғанда қайта босату керек. Ендеше, қарынға вакуум жаттығуларын жасап көрейік.

фото: 4-women.ru

  1. Ең алдымен аяқты иық деңгейіне дейін ашып, тік тұрамыз.
  2. Сосын мұрын арқылы терең тыныс аламыз.
  3. Артынша демді ауызбен шығарып, сол қалыпта тұрып қалу керек.
  4. Демді шығару кезінде қарынды ішке қарай тартып, қарынды барынша арқа омыртқасына қабыстыра түсесіз.
  5. Осы қалыпта 15 секунд тұрыңыз. Алғашында мұнша уақыт тұру қиындық тудырса, аз уақыттан бастауыңызға болады.
  6. 15 секунд өткен соң жаймен демалып, бұлшықеттерді босаңсытыңыз.
  7. Арасында демді ішке тартып, қайта шығарып, екі-үш рет қайталайсыз да, жаттығуды дәл солай жалғастырасыз.

Вакуумды күніне қанша рет жасауға болады?

Жаттығуды әрбір жасаған сайын 15 секундтан 60 секундқа дейін ұзартыңыз. Осылай бір-ақ рет емес, күніне 4-5 рет жасайсыз. Ал, аптасына 5 рет қайталаған дұрыс. Сонда жаттығу нәтижелі болады. Арасын ұзатпай, белгілі бір уақытта жасаған жаттығу міндетті түрде пайдалы екенін көрсетеді. Басында вакуумның ең оңай түрі, жатқан қалыпта жасаудан бастасаңыз болады. Кейіннен тұрып жаттығуды, артынша төрт тағандап жасауды меңгересіз.

Вакуум жаттығуларын жүкті әйелдерге, асқазанында жарасы барларға, етеккір уақытында, отадан кейінгі кезеңде жасауға болмайды.

Дайындаған: Қ.Әти, 

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста